Сабирова Рысты Куандиковна
Аты-жөні: Сабирова Рысты Куандиковна
Ғылыми атақ-дәрежесі:Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кафедра Экономика Ғылыми зерттеу жұмысының бағыттары Еңбек нарығы, ауыл шаруашылығы, инновациялық экономика, ұлттық экономика
Жетістіктері: «Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеу» (2006) монографиясы жарыққа шықты; «Еңбек экономикасы» (1998), «Кәсіпорын экономикасы» (2009), «Еңбек нарығы экономикасы» (2009) оқу құралдары жарыққа шықты. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 70-қа жуық мақалалары шетелдік басылымдарда, халықаралық, республикалық, аймақтық конференция материалдарында, ЖАК басылымдарында жарияланды; Магистранттардың диссертацияларына ғылыми жетекшілік етіп келеді, 6М050600-Экономика, 6М050700 - Менеджмент, 6М051000-Мелекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша магистранттарды дайындады; «Экономика» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етіп, республикалық олимпиадаларда номинацияланды; Жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау комиссия жұмыстарына қатысты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Экономика, Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Қаржы, Есеп және аудит мамандықтары студенттерінің білімін бағалау мақсатында мемлекеттік аттестациялау комиссия төрайымы болды (2009-2011); 06.07.2013-19.07.2013 ж. аралығында Германия елінің Дюссельдорф қаласында«Weiterbildungskurs: Fuhrungspsychologie und Personalmanagement» бойынша біліктілік көтеру курсынан өтті.
Марапаттары: ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (2010ж) марапатталды Тілдерді меңгеруі Қазақ, орыс, ағылшын Негізгі еңбектері 2 оқу құралдары шығарылған Экономикалық талдау (2014), Сақтандыру (2014).30-дан астам ғылыми мақалалары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған.
e-mail:sabirovarysty@mail.ru