Нағимов Шахман Нағимұлы
Нағимов Шахман Нағимұлы
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Байланыс телефондары: +7-701 313 16 05
Email. пошта: waxman45@mail.ru
Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы: 1971 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Мамандығы «Тарих пәні мұғалімі». 2000 жылдың 29 қазанында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Академиядағы Ғылыми Кеңесте «Батыс Қазақстанда ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында, ХХ ғасырдың І-жартысында білім беру ісінің дамуы» тақырыбы бойынша «педагогика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Ғылыми қызығушылықтары: Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығы; Саяси қуғын-сүргін
Негізгі ғылыми бағдарламаларға арналған ғылыми гранттар: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия
Кәсіби қызмет: 1971-1977 жылдары Гурьев қаласындағы №19, №6 мектептерде тарих пәні мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек етті. 1977-2000 жылдары Гурьев облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі, облыстық білім бөлімінің мектеп инспекторы, мектеп директоры, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры қызметтерін атқарды. Осы салаға сіңірген еңбегі үшін 1985 жылы «Қазақ ССР-ның халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды. 2002-2008 жж. Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, доценті болып еңбек етті. Ғылыми және педагогикалық еңбегі үшін 2006 жылы «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісімен, 2013 жылы «Ахмет Байтұрсынов» атындағы алтын медальмен, 2015 жылы «ҚР ғылымына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 2002-2008 жылдар аралығында «Тарих», «Тарих-география» мамандығы студенттерінің үлгерімі мен білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарға, профессор-оқытушылардың әдістемелік шеберлігін арттыруға жете көңіл бөлінді. 2002 жылы М.Өтемісовтің 200 жылдығына байланысты, 2003-2015 жылдар аралығында университетте өткізілген бірнеше республикалық ғылыми-практикалық конференциялар жұмысына белсене араласты. 2006-2014 жылдар аралығында Ш.Нағымұлының жетекшілігімен «тарих» мамандығы студенттері 4 рет республикалық олимпиадаларға қатысып, 2-3 жүлделі орындарды иеленді.
Ғылыми тағылымдамалар:
Оқытатын курстары: Академиялық жазылым (курс орыс, қазақ тілдерінде оқытылады), Мәңгілік Ел идеясы және қазақ халқының рухани мәдениеті (Тарихшы емес мамандықта оқитын студенттерге орыс, қазақ тілдерінде оқытылады)
Оқулықтар: 1. Атырау өлкесі ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында (тарихи-әлеуметтік сипаттама)// Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2021. – 168 бет. 2. Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы. 2- басылым// Ақнұр» баспасы, Алматы. 2021 3. История духовной культуры казахского народа. Учебное пособие// Ақнұр» баспасы, Алматы. 2021
Таңдалған басылымдар (соңғы 5 жылдағы) 1. Азалы Ақ кітап (ХХ ғасырдың 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған мұғалімдер туралы)// Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2021. – 162 бет. Монография 2. Бұрынғы тарих-келешек үшін ескерту. Егемен Қазақстан// 9 қыркүйек, 2021. 3. Көшековтың ұстазы . Атырау // 19 қазан, 2021. 4. Халық мұғалімі Қ. Айтқалиевтың асулары. Ұстаздық еңбек // 2021. 5. Алашорданың батыс бөлімі әскерінің құрамында соғысқан атыраулықтардың тағдыры// Бағдар журналы №4 ISSN 2306- 7357. 2022ж.149-155 бб. 6. Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы Атырау өлкесі тарихи тұлғалары туралы деректер//«Атырау өлкесі тарихының өзекті мәселелері: өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 30 қараша, 2022. Атырау қ. 7. 1921-1923 жылдардағы Атырау өлкесінде болған ашаршылық//«Қазақстанның батыс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін:жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары. 27 қазан, 2022. Атырау қаласы. 24-33 бб. 8. Атырау өлкесінде 1923-1928 жылдары жүргізілген азаматтарды сайлау құқығынан айыру//«Қазақстанның батыс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін:жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары. 27 қазан, 2022. Атырау қаласы. 9. Атырау өңірінде ату жазасына кесілген азаматтар жерленген қорымдардың сыры//«Қазақстанның батыс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін:жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары. 27 қазан, 2022. Атырау қаласы. 197-200 бб. 10. Қазақстанның батыс өлкесіндегі адай көтерілісінің белгісіз беттері// «Қазақстанның батыс өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары. 27 қазан, 2022. Атырау қаласы. 243-256 бб.