Қазақ тіліндегі классикалық заң әдебиеттерімен кітапхана қорын толықтырдық
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапхана қорын толықтыру мақсатында сирек кездесетін ғылыми еңбектерді тарту акциясы өткізілді. Бұл игі шараға университет ұжымы белсенді қатысып, профессорлар мен оқытушылар тарапынан көптеген құнды еңбектер сыйға тартылды.
Біз де өз тарапымыздан заңгер мамандарға арналған қазақ тіліндегі оқулықтар қорын байыту ісіне үлес қосуды жөн көрдік. Осы мақсатта юриспруденция мамандығында оқитын студенттерге арналған төрт маңызды оқулықты университет кітапханасына сыйға тарттық.
Олардың екеуі — орыс тілінен аударылған классикалық еңбектер:
• «Мемлекет және құқық теориясы» (авторлары Н.И. Матузов және А.В. Малько)
• «Шетелдердің конституциялық құқығы» (авторы В.Е. Чиркин)
• Сонымен қатар, профессор В.Е. Рубаникпен бірлесіп жазылған «История государства и права зарубежных стран» және оның қазақ тіліне аударылған нұсқасы — «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» атты оқулықтар да кітапхана қорына қосылды.
Барлық төрт оқулыққа Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан гриф беріліп, еліміздің жоғары оқу орындарына ресми түрде оқулық ретінде ұсынылған.
Бұл еңбектердің әрқайсысы 500–700 бет көлемінде, ғылыми және әдістемелік тұрғыдан мазмұны терең, классикалық оқу құралдары болып табылады. Қазақ тіліне аудару жұмысын менің әріптесім, PhD докторы Айгерім Баянбаевамен бірге жүзеге асырдық.
Осы жолы университет кітапханасына әрәптесім екеуміз 50–60 дана оқулық табыстадық. Алдағы уақытта осындай іргелі еңбектерді қазақ тіліне аудару және жаңа авторлық оқулықтар әзірлеу — отандық жоғары білім жүйесіндегі қазақ тіліндегі оқу әдебиеттері қорын байыта түсудің маңызды қадамы деп санаймыз.
Қазақ тілінде сапалы құқықтық білім беру — ұлттық заң ғылымының дамуы мен академиялық дербестіктің кепілі.