Жиі қойылатын сұрақтар

29.10.2025 3242

Академиялық ұтқырлық және шетелдік азаматтарға қатысты жиі қойылатын сұрақтар

● Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша мен қай елдерге бара аламын?
Сіз Орхун, Эразмус, ҚР БҒМ бағдарламалары, сондай-ақ университет қаржыландыруы немесе өзін-өзі қаржыландыру арқылы Еуропа, Азия және АҚШ елдеріне баруға болатын бағыттардың бірін таңдай аласыз.

● Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін GPA қандай болуы керек?
GPA кемінде 3,0 болуы қажет.

● Егер мен ақылы бөлімде оқысам, қай елдерге бара аламын?
Барлық бағыттар ашық — өзіңізге ұнаған кез келген бағытты таңдай аласыз.

● Қандай құжаттар қажет?
Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы;

  2. Транскрипт;

  3. Шетел тілін білу сертификаты (B2 деңгейі, IELTS немесе TOEFL);

  4. 082/086 нысанындағы анықтама;

  5. Паспорттың көшірмесі;

  6. 3/4 өлшеміндегі фото;

  7. Факультет немесе кафедрадан студентті оқу бағдарламасына қабылдау туралы хаттама.

● Университет уақытша тіркеу рәсімін жүргізе ме?
Егер сіз кешкі бөлімде оқып, жатақханада тұрмасаңыз,
Қазақстан шекарасынан өткеннен кейін 3 күн ішінде көші-қон қызметіне барып, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша тіркелуіңіз қажет.

Егер сіз күндізгі бөлімде оқып, университет жатақханасында тұрсаңыз,
шекарадан өткен соң 3 күн ішінде факультет деканатынан оқу туралы анықтама мен тіркеу нысанын алып, оны Атырау облысының көші-қон қызметіне өткізуіңіз қажет.

● ҚР азаматтығын алу тәртібі қандай?
Азаматтық Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңы негізінде беріледі.

● Шетел азаматтарының құқықтары Қазақстанда қалай қорғалады?
Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарына сәйкес барлық құқықтар мен бостандықтарға ие және міндеттерді орындайды.