Халел Досмұхамедов және оның мұрасы
Халел Досмұхамедов және оның мұрасы
«Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі»
— Халел Досмұхамедов
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде: «Бұл дүниеде түрлі данышпан, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», -деп көрсеткен екен. Әділетіне жүгінсек, тәуелсіз ел тұғырының биік болуы үшін жан аямай еңбек еткен Халел Досмұхамедов сынды біртуар азаматтардың рухын еске алып, есімін қастерлеу, әрі оны туғанына 130 жыл толып отырған шақта «Дара тұлға» деп ұлығылау бәрімізге ортақ парыз болуға тиісті.
Атырау өлкесінің ардақты перзенті
Қазақстан Республикасының елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюды мақсат еткен қазақтың көптеген асыл азаматтары ХХ ғасырдың 30-жылдарында тағдыр тауқыметін тартып, жалаға, жауыздыққа ұшырап, қиянат құрбандығы болды.
Тек кейінгі кезде ғана сол зұлымдықтардың беті ашылып, жазықсыз жазаланған аяулы азаматтарымыздың есімдері ортамызға қайта оралды. Солардың бірі –Атырау өлкесінің ардақты перзенті – профессор Халел Досмұхамедұлы. Ол жоғары білімді дәрігер ғана емес, сонымен бірге тарихшы, табиғат зерттеуші, әдебиетші, тіл танушы, аудармашы, ағартушы-ұстаз, қоғам және мемлекет қайраткері болып табылады. Бұл турасындағы салиқалы да, салмақты бағаны алғаш көрнекті сөз зергері Әбіш Кекілбаев берген болатын: «Өзіне табиғат аямай берген дарынды терең біліммен толықтырып, ана тілімізге қоса латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс және француз тілдерін қажетті дәрежеде меңгеріп, сол тілдерде еркін оқып, сөйлеп, жаза білген Х.Досмұхамедұлы көзінің тірі кезінде алдына жан салмас ғажайып лингвист, фольклорист, тарихшы-этнограф, аудармашы болған. Жан-жақты, көл-көсір, әмбебап білімнің арқасында ол биология, зоология, медицина салаларында да көп еңбек қосқан ғалым».
ПРОФЕССОР ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы 24 сәуірде қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған елді мекенінде (№13 ауылда) дүниеге келді.
1895ж.тамыз – 1902ж.маусым. Орал әскери реалдық училищесінің оқушысы.
1902ж.тамыз – 1903ж.маусым. Орал әскери реалдық класының қосымша класының оқушысы.
1903-1909жж.Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық акакдемиясының студенті. Академияны үздік бағамен тәмамдаған.
1909-1913жж. Пермь губерниясының Чердынск уезіндегі Марчанск учаскеінде дәрігер; Орал облысында Орал қазақ-орыс әскерлерінің кіші дәрігері.
1913-1918 жж. Орал облысының Темір уезі учаскесінде дәрігер. Оба ауруының ошақтарында болып, оған қарсы күреске қатысты. (1912,1913 және 1915жж.)
1917ж.шілде. Орынборда өткен І Жалпықазақ съезінің төрағасы (ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясы құрылды.)
1917ж. Желтоқсан. Орынборда өткен ІІ Жалпықазақ съезі төрағасының орынбасары. Алаш (қазақ) автономиясы жарияланып, «Алашорда» үкіметі құрылды.
1918-1920жж. Алашорда үкіметінің Батыс бөлімінің жетекшілерінің бірі (Жаһаншаһ Досмұхамедовпен бірге.)
1918 ж. көктем. Мәскеуде Ленинмен және Стелинмен кездесіп, Кеңес Өкіметі мен Алашорданың қарым-қатынасы туралы келіссөз жүргізеді. (Жаһаншаһ Досмұхамедовпен бірге.)
1920-1921 жж. Ташкенттегі физикалық әдіспен емдеу институтының ординаторы; Қазақ пединститутында мектеп дәрігері.
1920-1921жж. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің факультеттік хирургиялық клиникасында ординатор.
1921-1923жж. Түркістан республикасы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Қазақ ғылым комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.
1922-24жж. Тұркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты коллегиясының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1923ж. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Шығыс қазақ мемлекеттік баспасының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің мүшесі; 1925 жылдан Шығыс бөлімінің меңгерушісі, 1926жылдан Қазақтың мемлекеттік баспасы басқармасының мүшесі және меңгерушісінің орынбасары.
1923ж. қыркүйек. Түркістан Республикасы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Мемлекеттік ғылыми кеңестің төрағасы болып тағайындалды.
1923ж.сәуір. Түркістан халық комиссариаты кеңесі мен Түркістан Орталық атқару комитетінің арнайы тапсырмасы бойынша Жетісу облысын зерттеу жөніндегі экспедициялық комиссияның мүшесі болып бекітілді.
1924ж. қаңтар. Қазақ ағарту институты басқару төралқасының мүшесі. (Ташкенттегі Қазақ пединституты)
1924ж.15 қаңтар Ресей Ғылым академиясы жанындағы Орталық өлкетану бюросының мүше-корреспонденті болып сайланды.
1924ж. Түркістан Денсаулық сақтау халық комиссариаты жанындағы эпидемияға (обаға) қарсы күрес Орталық комиссиясыны төрағасы болып тағайындалды.
924ж.маусым. Түркістан Халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының съезіне іссапарға жіберілді.
1924ж.Москвада болып өткен V Бүкілресейлік денсаулық сақтау съезі жұмысына қатысты.
1924-1925жж. Қазақ ғылым-баспа комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Комиссияның міндеті мыналар еді:
1) Түркістан Халық ағарту комиссариатын ұлттық межелеп бөлуге байланысты Мемлекеттік ғылыми кеңеси пен Орта Азия мемлекеттік баспасының Қазақ Республикасында берілетін мүлігін қабылдап алу;
2) Қазақ Республикасына берілген ғылыми және баспалық мекемелер жұмыстарының үздіксіз жалғасуын ұйымдастыру.
1926ж. Ресей ғылым академиясы жанындағы Орталық өлкетану бюросының сессиясына Москваға іссапарға жіберілді.
1926ж. Қазақтың Халық ағарту комиссариаты атынан Орта Азиядағы өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі конференияға делегат ретінде жіберілді.
1926ж. Қазақ жоғары пединститутында ректордың орынбасары.
1926ж. Қазақ ағарту институтын тарату жөніндегі комиссиның төрағасы болып бекітілді. (Қазақ Халық комиссариаты кеңесінің қаулысы, 1926 жыл, 1 қыркүйек)
1926 ж. Қазақ жоғары пединститунда мектеп санитарлық дәрігер болып қабылданды; оның жанындағы 9-жылдық тәжірибелі-үлгілі мектепте анатомия, физиология және гигиена пәндерінің мұғалімі.
1926-1927жж. «Педология» курсы бойынша Қазақ жоғары пединститутында оқытушы.
1927 ж. Қазақтың жоғары пединституында педология бойынша доцент болып бекітілді.
1927ж. наурыз-сәуір. Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалды; комиссия университеттің жаңадан ұйымдастырылатын үш факультеттің жалпы шығынын, оқу жоспарын және т.б. қажетті іс-қағаздарын дайындады.
Қазақ Халық ағарту комиссариаты Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жоспарын жүзеге асыру үшін тапсырылған жұмыстарды нақты және уақытылы орындағаны үшін алғыс жариялады.
1928ж. ҚазКСР-де (Алматы қаласында) университет ұйымдастыру туралы комиссияның мүшесі болып тағайындалды. (ҚазКСР Халық комиссариаты кеңесінің 1928 жылғы 3 шілдедегі №25 қаулысы)
1928ж.қазан. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне қызметке ауыстырылды. ҚазМУ-дің әкімшілік-шаруашылық бөлімін басқару ісі тапсырылды. ҚазМУ-дің педфакультетінде педологиядан оқытушы, әрі педология кабинетін басқару қоса тапсырылды.
1929ж.19 маусым. ҚазМУ-дің педология кафедрасының профессоры болып бекітілді.
1929ж. Қазақтың пединститутының проректоры болып тағайындалды.
1930ж. 15 қыркүйек. Кінәсіз қамауға алынып, 19 ай түрмеге жабылды.
1932 ж. 20 сәуір. Қазақстандағы ОГПУ үштігінің шешімімен бес жыл концлагерге қамауға алыну жөнінде үкім шығарылып, кейін ол үкім Воронеж қаласына жер аударумен ауыстырылды.
1932-1934жж. Воронеж қаласындағы Орталық қаратопырақты облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім (ОЗФ и П) меңгерушісі.
1934ж.сәуір. Воронеж қалалық балаларды емдеу-профилакториялық амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары.
1934ж. Воронеж қаласының Орталық ауданының учаске дәрігері.
1934ж. ЮВЖД санучаскесінің санитарлық дәрігер-эпидемиологы.
1934-1938жж. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің балалар бақшасында дәрігер, пионер лагерінде дәрігер болды (қызы Сәуленің естелігінен)
1938ж. Қайтадан тұтқынға алынып, Алматыға әкелінді.
1939ж.24сәуір. Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариатының әскери трибуналды үкімімен ату жазасына кесілді.
1939ж.19 тамыз. Түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болды.
1958 ж. 11 ақпан. Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариаты әскери трибуналының 1939 жылғы 24 сәуірдегі Халел Досмұхамедовке қатысты үкімі КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының шешімімен жойылды. (1958 жылғы 3 наурыздағы ақтағаны жөніндегі анықтамадан)
Халел Досмұхамедов туралы
▶
Халел Досмұхамедовтың өмірі мен шығармашылығына арналған екі тілде вебсайты (қазақ, ағылшын) - https://www.dosmukhameduly.kz/ .
Х.ДОСМҰХАМЕДОВ – АЗАМАТ, ҚАЙРАТКЕР, ҒҰЛАМА
Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов – Машақов 1883 жылы 24 сәуірде Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) Қызылқоға ауданының Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзенінің бойында дүниеге келді.
Халелдің әкесі Беріш тайпасының Жайық руынан тарайтын Тумаш атасынан өрбіген Байнақтың (1783-1885 жж.) баласы Машақ (1850-1909 жж.) пен анасы Әйкен заманының парасатты адамдары болды.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Халел Ойыл (Көкжар) қаласындағы бір кластық орыс-қырғыз училищесінде бастапқы білім алып, содан кейін Орал қаласындағы реалды училищені 1903 жылы ойдағындай үздік бітірді. Сол жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық Әскери-медицина Академиясына түсіп, оны 1909 жылы 17 қарашада үздік белгігі емші (лекарь с отличием) дәрежесімен бітіріп шықты.
Академияда үздік оқыған Халел статский советник Адиунгтің және теңіз ведомствосының стипендияларын алып тұрды.
1909 жылғы 8 мамырдан 31 тамызға дейін Пермь губерниясы Чердынь уездік Земствосының Морчань учаскесінде және қабылдау бөлімінің дәрежесінде екі бірдей жауапты жұмысты қатар атқарды. Бұл қазіргі жоғары оқы орындарын бітірушілердің өндірістік тәжірибе жұмысына сәйкес келеді.
1909 жылы 29 қарашада №51 бұйрықпен 2-ші Түркістан атқыштар батальонының кіші дәрігері қызметіне бекітіледі. Бұл бөлімде 1910 жылдың сәуіріне дейін әскери қызметін атқарды.
1910 жылдың 18 сәуірінен 1913 жылдың 5 наурызы аралығында Орал қазақ әскерінің 2-ші әскери бөлімі орналасқан Ілбішін, Калмыков қамалдарында кіші дәрігер, кейін аға дәрігер лауазымында әскери міндетті қызметін өтеп, азаматтық жұмысы бабына босатылады.
1913-1919 жылдар аралығында ресми түрде Темір уезінде бөлімшелік дәрігер болып қызмет атқарды.
1905-1907 жылдардағы бірінші буржуазиялық орыс рволюциясының әскерімен Орал қаласында өткен бес облыстың 1905 жылғы делегаттық съезінде қазақ тарихында тұңғыш құрылған саясм ұйым – «Қазақ контитуциялық демократиялық партиясының» Орталық комитетінің мүшелігіне сайланды.
1917 жылы 19 сәуірде Орал қаласында өткен қазақтардың облыстық съезінде құрылған Орал облыстық қазақ (қырғыз) комитетінің төрағасы болып сайланды.
1917 жылы 21-28 шілдеде, 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпы қырғыз (қазақ) съездеріне қатысып, соңғы съезде құрылған «Алаш-Орда» үкіметінің Халықтың-Республикалық Советінде кеңес өкіметі орнағанға дейін Земстволық бастығы болды.
1918 жылы мамыр-көкек айларында Ленин мен Сталиннің қабылдауында Жанша Досмұхамедұлы екеуі болып, Қазақстан автономиясын құруға рұқсат және ақшалай 12 миллион сом қаржы алды.
1918 жылы мамыр айында, дербес «Ойыл уақытша үкіметін» құрды.
1918 жылы 11 қыркүйекте «Ойыл уалаятының уақытша үкіметі» таратылып, оның орнына «Батыс Алашорда бөлімшесі» құрылып, оны басқару Жанша және Халел Досмұхамедовтерге жүктеледі.
1920 жылды басынан бастап «Алаш-Орда» үкіметі ресми түрде өзінің өмір сүруін тоқтады. Осы кезден бастап Халел жаңа үкіметтің жұмысына таратылады.
1920 жылдан бастап Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушы болып және Орал Азия Университеті медицина факультетінің ауруханасында ординатор қызметтерін қатар атқарады.
1921 жылы Түркістан республикасы Ғылыми комиссияның төрағасы, 1922 жылдан бастап Денсаулық сақтау Халық комиссартиатының коллегия мүшесі, 1924 жылдың 20 қарашасынан бастап Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының Емдеу-Санитарлық бөлімінің меңгерушісі, осы жылдың 18 сәуірінен бастап оба індетіне қарсы күресу Оталық Комиссисының төрағасы жұмыстарын атқарды.
1923 жылы «Талап» қауымының мүшесі және «Сана» журналының бас редакторы, 1925 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік Баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып істейді.
1926 жылы Қазақ педагогикалық институты ректорының орынбасары, 1927-1928 жылдары Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру комиссиясының төрағасы, 1929 жылғы 1 қазанға дейін Университеттің проректоры болып жұмыс істеді.
Халел Досмұхамедұлы 1924 жылы Россия акадеиясының Орталық өлкетану бюросның мүше корреспонденті болып сайланды. 1927 жылы доцент, 1929 жылы профессор құрметті атақтары берілді.
Ол Ғалым Академиясы жанындағы Өлкетану орталық бюросының корреспондент-мүшесі, Қазақстанды зерттеу қоғамының мүшесі, Рабпрос одағының ғылыми қызметкерлер секциясының мүшесі, Қазақстан үкіметі жанындағы терминология комитетінің төрағасы сияқты көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарды.
«Қызыл террордың» салдарынан 1930 жылы 14 қыркүйекте Воронеж қаласына жер аударылды. 1935 жылы 15 қыркүйекте жазасын өтеп болғаннан кейін сол Воронеж қаласында 1938 жылдың 28-шілдесіне дейін Воронеж қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында сабақ беріп, қалалық поликлиниканың клиникалық лабораториясының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1937 жылдың зұлматы Халелді 1938 жылы 28 шілдеде Воронеж қаласында тұтқындап, 1939 жылы 23 көкекте Алматы ұаласында ату жазасына үкім шығарды.
Халелдің зайыбы Сағира Жұмағалиқызы. Балалары – Рабиға (1909), Әділхан (Әлихан) (1912), Сәуле (1913), Қарашаш, Төле, Дәметкен (1928) – «халық жауының» балалары ретінде өмірдің қатігездігі мен қиыншылықтарын бастан кешіп, қабырғалары қайыспай, тағдырларына жазықсыз душар қылған мұң мен зарды қасқая тұрып, қарсы алып, асыраушы да, демеуші де, сүйеуші де, ақылшы да бола білген анасы Сағираның арқасында білім алып, халқына адал еңбек еткен шын мәніндегі асқақ жандар.
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ҒАЛЫМ-ДӘРІГЕР
Халел Досмұхамедұлы Россияның оңтүстігі мен Қазақстанның бастыстан жайлаған оба ауруына қарсы жан аямай күрес жүргізді.
Ол Ілбіші, Темір, Тайсойған аймағының халқын оба індетінен түгел қырылып қалу қаупінен аман алып қалуға зор үлес қосты.
1914 жылдан бастап «Қазақ» газетінің бетінде түрлі аурулардан сақтанудың шаралары, әр дерттің өзіне тән белгілері, емделу жолдары мен қолданылатын дәрі-дәрмектердің түрлері жөнінде егжей-тегжейлі мағұлматар берген ондаған мақалалары жарыө көрді.
«Қазақ» газетінің 1994 жылғы №60, №602 6-сандарында оның «Жұқпалы аурулар» атты көлемді мақаласы жарияланды.
Обаға қарсы жүргізген жұмыстарының негізінде жазылған «Как боротьсяя с чумой среди казахского населения» атты көлемді еңбегі (128 бет), 1924 жылы Ташкент қаласындағы баспадан шықты.
Халел 1920 жылдан бастап Ташкенттегі Орта Азия университеті медицина факультетінің ауруханасында ординатор қызметін атқарды.
Ол педагогтік қызметімен бірге Қазақ АССР халық денсаулығын сақтау комитетінде жоспарлау ұйымдастыру басқармасының меңгерушісі міндетін атқарды.
Х.Досмұхамедұлына 1927 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағы берілді.
1930 жылы қыркүйек айында Воронеж қаласына жазықсыз жер аударылған ғалым-дәрігер қаладағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында әлеуметтік гигиена және денсаулқ сақтауды ұйымдастыру кафедрасында 1937 жылға дейін еңбек етеді.
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ТАРИХШЫ
Халел Досмұхамедұлы 1923 жылы Ташкентте Әбубәкір Диваев жинаған «Кенесары-Наурызбай» жырына түсінік жазып, жеке кітап етіп шығарады. Халел бұл кітапқа үлкен зерттеу деректер негізінде түсінік берген. Ондағы көздеген мақсатын төмендегіше баяндайды:
«Кенесары-Наурызбай» дастанын шығарған ақын Нысанбайдың дастаны баспаға басылмағандықтан бұл дастан ел ішінде әртүрлі болып, өзгертіліп айтылып жүр. Әсіресе, Түркістан арасындағы айтуында көп қателіктер бар. «Ел ішіндегі айтылып жүрген өлеңдердің көбі қырғызды жамандап, мұқатып, кемітіп орынсыз қазақты мақтайды, екі рудың арасына орынсыз ала көңілдік кіргізеді», - дейді.
А) Нысанбай сөзінің дұрыстығын беру;
Ә) Мектептер үшін тарихи поэманың жақсы үлгісін беру;
Б) Бұл поэманың бізге жету шежіресін келтіру;
В) Ел әдебиетінен жиналған сөздерді бастырып шығарудың үлгісін көрсету;
«Кенесары-Наурызбай» поэмасында кездесетін адамдардың, жердің аттарына, түсініксіз сөздерге шолу берілген. Абылай хан, Қасым хан, енесары туралы қысқаша тарихи баяндама берген.
Ғалым бұл шолуды жасағанда, біріншіден, Шәкәрім тарихын, Ахмет төре Кенесарыұлының «Кенесары Сыдық төре туралы», Түркістан, Жетісу орыс тілінде жазылған көп кітаптарды пайдаланған. Екіншіден, Қоңырқожа Қожықұлының Мұхамметжан Тынышбайұлының, Жаңқараш немересі Сатарқұл Диқанбайұлының, Ишанғали Аралбайұлының, Кенесары немересі Әзімхан Ахметұлының және т.б. азаматтардан алынған мағұлматтарды пайдаланған.
Ғалым ХУІІІ-ХІХ ғасырдағы «қазақтың қозғалысының ең күштілері» - Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары Қасымов қозғалысын зерттеп, «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағұлмат» деген тарихи еңбегін жазды.
Ғалым «Исатай көтерілісінің соңы – 69-70 жылдағы ауа. Бір өшіп, бір сөніп, Исатайдың жаққан оты қырық жылдай тұтанды. Ақырында ауада жалпылдап тағы жалындады...
....Көтерілгендерінде де бірлік болмады: бүтін кіші жүзге бас болаларлық бір адам шыға алмады. Алаша, Сейіл, Байбақты, Беркін, табын Алдаш, Дәуіт, шекті Есет, адай Иса секілді көтеріліске бас болған адамдар өз руынан жоғары көтеріле алмады, қанатын кең жаюға бірініңң де қолынан келмеді» - деп кіші жүздегі бір ғасырға жуық созылған бұқара халықтың көтеріліс тарихына және оның қорытындысына ғылыми дәйектеме береді.
ХАЛЕЛ – ӘДБИЕТШІ, ФОЛЬКЛОРИСТ, ЭТНОГРАФ
Ғалым тамаша зерттеушілік қабілетімен «Шернияз шешен» (1925), «Бұхарадағы Көгілташ медресесін салу туарлы әпсана» (1927), «Самарқан қаласындағы «Тіллә-қари мен «Ширдар» медреселерін салғызған Жалаңтөм батыр шежіресі» (1926) атты еңбектері фольклорлық ағыздар мен тарихи, этнографиялық деректерді шендестіре қарап, халқымыздың көне тарихын зерттеуге өзіндік жол салды.
Халелдің фольклорлық тану саласындағы еңбектерінің ең шоқтығы биігі «Қазақ халқының әдебиеті» (1928) очеркі. Мұнда ол ауыз әдебиеті түрлерін тамаша жіктеген. Ол-фольклорды этнографиялық мәліметтермен біртұтас қарауды түсінген алғашқы ғалым. Бұл шығарманың қазіргі ұлтымыздың слт-санасы қайта орала бастаған кездегі маңызы бұрынғыдан да құнды болса түсуде.
Ғалымның «Сана» журналының (1924ж. №2-3) сандарында жарияланған «Аруақтармен айтысу» атты ауыз әдебиетінің сирек кездесетін үлгісін жарияласа, кейін осы айтыстың ең ежелгі түрінің шығу тегі, генезисі туралы өз болжамын білдіруі де ғылым үшін өнеге.
ХАЛЕЛ – АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІН ЖИНАП, РУХАНИ ҚАЗЫНАМЫЗДЫ БАЙЫТТЫ.
Ол өзі жинаған материалдар негізінде «Мұрат ақын сөздері» (1924), «Аламан» (1926), «Исатай-Махамбет» (1925) кітаптарын алғы сөз мен түсініктерін жазып, бастырып шығарды. Аталған үш кітап Махамбет, Мұрат, Ығылман, Қалнияз, тағы басқа көптеген ақындар мұраларын қайта бастыру, зерттеуге байланысты кең пайдалынылып келеді. Елінің елдігі үшін халқының рухын асқақтата көтеріп, жол бастаған Исатай мен Махамбет сынды батырлардың есімдерін ең алғаш рет ардақ тұтып, сөзден ескерткіш орнату, сол арқылы күллі қазаққа таныстырудың абыройлы үлесі де Халелдің еншісіне тиді. Оның 1924 жылы «Сәуле» журналының («Қазақ әдебиет – білім құрасымы» №3 «Ақжол» газетінің 416-шы санына қосымша) бетінде жарияланған. «Қазақ батырлары: Исатай мен Махамбет» деген шағын мақаласы бар.
ХАЛЕЛ – МАХАМБЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
Ол «Махамбет батыр» атты шағын зерттеу еңбегінде батырдың шыққан тегін баяндай келіп, «Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған», - дейді. «Өте қызулы адам болған екен. ....Махамбет көпті қыздырып, көңілін аударып ертетін адамның түрі болған».
Махамбеттің жыраулығы күшті болған. Көбі жойылған. Халел «ел арасында сақталған» сөздерінен «Мұрат ақыннан жазып бергенін» алған. Ғалым қолындағы «нұсқаларды салыстырып құрастырғанда, баптарға бөлгенде бала күнінен осы сөзге құлағы қанық Махамбеттің еліндегі ақсақал, қарасақалдарына тыңдатып, солардың дұрыс дегенін пайдаланған».
Оның қазақ батырлары: «Исатай-Махамбет», «Махамбет батыр» атты зерттеулерінде қос арысты дүниеге әкелген туып-өскен ортасы, тұқым-зәузаты, елдің саяси-әлеуметтік тыныс-тіршілігі, патша үкіметі мен Жәңгір ханның екі жақты қанауына қарсы қол бастап, азаттық үшіг халқын қарулы көтеріліске бастаған, сол жолда жанпида болған батырлар туралы жан-жақты баяндаған.
Ол 1924 жылы Ташкентте «Мұрат ақын сөздері» кітабын шығарған. Кітаптың алғы сөзінде: «Қазақтың тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін тастай алмайды.
Мұрат бір жағынан өткенді білген шежіре болса, екінші жағынан халықтың мұңын, елдің зарын айтатын әлеуметшіл ақын, әдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің керектігі шексіз нәрсе», - деп тұжырым жасаған.
Кітаптағы «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы және ол жырлаған «Қазтуған», «Шалгез», «Әттең бір қап дүние-ай», «Қарасай-Қази» жырларында кездесетін 248 атауларға, олардың ішінде 62 адам есіміне, 186 жер-су аттарына түсініктер беріп, олардың жағрапиялық орындарын көрсетуі, Халелдің топонимиканы жетік білетіндігінің дәлелі болса керек.
Халел халқымыздың шежіресін жасауда үлкен қызмет атқарған. Кіші жүздің, оған кіретін Әлім (Әлімұлы) байұлы, жетірудың бірігіп, алшын болып аталатынын, елдің халқы өздерін «үш алшын» деп атайтынын жазған.
Ғалым бұдан әрі Кіші жүзді қоныстанған жиырма бес атаны түгендеп, әр рудың Қазақстанның қай жерлерін қоныстандығын және олардың ұрандарын көрсеткен.
ХАЛЕЛ – ЛИНГВИСТ
Х.Досмұхамедұлы – қазақ тілі терминлогиясының негізін салған, оның фонетикасы мен емлесін, әдеби тіл, әдебиет тілі, түрік тілдерінің тарихы туралы ғылыми талдаулар жасап, артына өшпес мұра қалдырған лингвист-ғалым.
Ғалым 1924 жылы Ташкентте «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм заңы» атты кітабын бастырып шығарды. Ол бұл еңбегінде «Сингормонизм деген сөз, қазақша айтқанда, үндестік, ұқсастық деген мағынада».
«Сингормонизм түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті...Біз «дауыстылар гормониесі» дегеннің орнына дыбыстар гармониесі деп айтқанды дұрыс көреміз. Қазақ-қырғыз тілінде сингормонизм заңына көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ» - деген тұжырымдар жасаған.
Халел – халқымыздың рухани дамуының ғылыми бағдарламасын жасап, іске асырушы. 1923 жылы Түркістан автномиялы республикасының астанасы Ташкентте «Талап» қоғамы құрылды. Осы қоғамның алты толық мүшесінің бірі болып Халел Досмұхамедұлы енді. Осы қоғам өз жұмысында ауқымды, кезек күттірмейтін, халық үшін ең зәрі төмендегідей үлкен міндеттерді атқарды:
А) Қазақ-қырғыз халқының әдебие тілін, ғылым атауларын (терминологиясын), емлесін, басқа мәселелерін тексеру;
Ә) Сәулет өнерін (искуство) тәптіштеу;
Б) Қазақ-қырғыз халқының тарихын һәм саясатын тексеріп қарастыру;
В) Қазақ-қырғыз мектептерінде оқыту мәселелерін реттеп жөнге салу;
Г) Қазақ-қырғыз халқының білім қызметкерлеріне һәм өнер қайраткерлеріне жәрдемдесу.
Халел Досмұхамедұлы «Қазақ-қырғыз халқының мәдени өркендеуіне жәрдем» келтіру үшін жоғарыда аталған мәселелердің өмірде шешімін табуға атсалысып қана қойған жоқ, осы жұмыстың ең ауырын жеті жыл бойы өзі атқарды. Сөйтіп, туған халқына мәдениет шамшырағының шұғылалы нұрын төкті.
ХАЛЕЛ – ҒАЛЫМ ПЕДАГОГ, ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Халел 1920 жылдан бастап Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушы болып жұмыс істеді.
1923 жылы Түркістан республикасының қарамағындағы ғылыми кеңестің төрағасы болды.
Сол жылдан бастап «Қырғыз-қағаз білім комиссиясына» жетекшілік етті. Қазақ-қырғыз халқының мәдениетін дамыту мақсатымен құрылған «Талап» қауымының негізін қалаушылардың бірі болды.
Т.Жүргенұлы, С.Садуақасұлы бастаған қазақ қайраткерлерімен бірлікте ұлттық жоғары оқу орындарының қажеттігін дәлелдеп сөз сөйлеп, мақалалар жазды.
1929 жылы қазан айында Ташкенттегі пединституттың негізінде Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды (қазіргі ҚазПУ). Халел бұл оқу орнын ұйымдастыру белсене араласып, оның тұңғыш проректоры болып тағайындалды.
Халел 1924 жылы Ресей академиясының Орталық Өлкетану бюросының мүше-корреспонденті болып сайланды. 1927 жылы оған доцент, 1929 жылы профессор атағы берілді.
Сол кезеңде жер-жерде қаулап ашыла бастаған қазақ мектептерінің жаңа жүйесін құруға, ұлттық тілде оқулықтар дайындауға, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Омарханұлы Әуезов және тағы басқалардың психология, педагогика, әдебиет оқулықтарын жазуына үлкен ықпал жасады. Халел пдагогикалық ағарту жұмыстарын қазақ тіліндегі оқулықтар шығару ісімен шебер ұштастырды, ана тілінде жаратылыстану ғылымының оқулықтарын жазды.
Халел 20-шы жылдары қазақ еліне ғылым мен білім беру жолында игілікті жұмыстар істеді. Қазақ даласында көшпелі мектеп-интернаттар ашу, оқу құралдарын шығару, мұғалімдер даярлау және сан-салалы ғылым түрлерінің дамуына мұрындық болды.
ХАЛЕЛ – АНА ТІЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОҚУЛЫҚТАРЫН ЖАЗҒАН ҒАЛЫМ
Ғұлама ғалым ана тіліндегі жаратылыстану ғылымының бастау кезіндегі алғашқы тырнақалды еңбектерді жазу үстінде алдына қойған мақсаттардың жауапкершілігі туралы былай дейді:
«Қазақ тілінде бұған дейін Ахметтің «Тіл - құралынан» басқа ешбір ғылым жайында жазылған кітап болмады. Алдымызда үлгі болмаған соң, ғылым кітабын жазу деген өте қиын болды. Қазақ тілі ғылым жолына шалынбаған, сөздері ғылым ретіне қарай жөндікпеген тіл. Сондықтан қазақ тілін ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келді. Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі атауларды (термин) дұрыстап, түсінікті қылып аудару. Ғылым тіліндегі қолданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап түсінікті қылып аудару өте қиын жұмыс. Ғылым атауларына келісті ат тағу деген алғашқы уақытта қиын болса да, өте мұқтаж нәрсе...Сондықтан алғашқы жазылған кітаптарда әсем қылып, сөздің жүйесін келтіріп жазудан гөрі, ғылым атауларына лайықты атақ тағу жағын қарастыру керек дейміз».
Осы алғашқы аса жауапты да, күрделі де, қиындығы да мол игілікті жұмысты қазақ тарихында тұңғыш рет Х.Досмұхамедов дүниеге келтіріп, қазақ оқырмандарына ана тілінде жаратылыстану ғылымының төл шығармаларын оқып меңгеруіне жағдай жасады. Оның «Жануарлар» атты кітабының бірінші басылымы 1922 жылы Ташкентте 35000 данамен жарық көрді. Кейін осы кітап 1927 жылы Қызылорда, Мәскеу қалаларында екінші рет басылды. Одан кейінгі кітаптары «Табиғаттану» (1922), «Оқушылардың саулығын сақтау» (Ташкент, 1925), «Адамның тән тірлігі» (Қызылорда-Мәскеу, 1927), «Адамның тән тіршілігі» (қазақша-орыша жаратылыстану сөздігі), «Сүйектілер туралы» (1928).
ХАЛЕЛ – ЖУРНАЛИСТ, АУДАРМАШЫ, БАСПАГЕР
1913 жылдан бастап Халел қолына қалам алып, баспасөзге араласты. Ол осы кезде «Орал», «Пікір», «Қазақ» газеттеріне үзбей мақалалар жазып тұрды.
Халел «Шолпан», «Ақжол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет-журналының беттерінде тіл, халық ағарту, тарих, дәрігерлік-емшілік мәселелері туралы ғылыми маңызы зор мақалалар жазды. Ол қырғыз-қазақ комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, оның рекдакторы болды.
1923 жылы Түркістан мемлекеттік ғылыми баспасының бөліміне жетекшілік етті.
Халел профессор Поливановпен бірге «Сұлтан Кенесары тарихына қосымша материал» кітапшасына (1923) және «Қыз Жібек» (1923), «Кенесары-Наурызбай» (1923) жыр кітаптарын редакторлық етіп, баспаға дайындады.
1923 жылы «Қазақ-қырғыз комиссисының» жанынан «Сана» журналын ашты және оның шығарушысы өзі болды. «Сана» халыққа білім беруде алдына елу екі бағытта жұмыс істеуді мақсат еткен және ның көпшілігін орындаған.
Ол сонымен қатар ғылым-танымдық өресін кеңейту мақсатында Ю.Вангердің «Рассказы о том, как устроено и работает наше тело» (Денелеріміздің түзелуі мен жұмыс қылуы, 1924), «Рассказы о том, как живут и устроены растения» (Өсімдіктердің тіршілігі мен түзелуі туралы әңгімелер, 1924) кітаптарын аударды. Өзі 1918, 1924 жылдары «Как бороться с чумой среди казахского населения» деген кітабын орыс тілінде жазды.
Х.Досмұхамедовтың еңбектері
▶ Бірінші том. Жан саулығы
Х.Досмұхамедұлы
Шыққан жылы: 2017
Беттер саны: 432Баспасы: «Арыс» баспасы, Алматы
Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Еңбектері: Бірінші том. Жан саулығы/Құраст.проф. Ғ.Әнес. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. — 432 бет + 16 бет суретті
жапсырма. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) шығармашылығының толық жинағы
— «Еңбектерінің» үш томдығы тұңғыш рет жарық көріп отыр. Ғалымның таңдамалы жинағының бірінші томына оның қазақ тарихы мен шежіресіне, әдебитеі мен тіліне
қатысты еңбектері топтастырылған. Кітап қазақ руханиятымен қызығушы әрбір жанға, әсіресе студенттерге, магистранттарға, жас мамандарға арналады.
Үшінші том. Жануарлар
Х.Досмұхамедұлы
Шыққан жылы: 2017
Беттер саны: 536 Баспасы: «Арыс» баспасы, Алматы. Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Еңбектері: Үшінші том. Жануарлар/Құраст.проф. Ғ.Әнес. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. — 536 бет. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) шығармашылығының толық жинағы — «Еңбектерінің» үш томдығы тұңғыш рет жарық көріп отыр. Ғалымның
таңдамалы жинағының үшінші томын оның ХХ ғасырдың басында жарық көріп, үш реттен басылған, үш кітаптан тұратын «Жануарлар» атты оқулығы құрап отыр. Кітап қазақ руханиятымен қызығушы әрбір жанға, әсіресе
студенттерге, магистранттарға, жас мамандарға арналады.
Екінші том. Тән саулығы
Х.Досмұхамедұлы
Шыққан жылы: 2017
Беттер саны: 496
Баспасы: «Арыс» баспасы, Алматы. Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Еңбектері: Екінші том. Жануарлар/Құраст.проф. Ғ.Әнес. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. — 496 бет. Көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) шығармашылығының толық жинағы — «Еңбектерінің» үш томдығы тұңғыш рет жарық көріп отыр. Ғалымның таңдамалы
жинағының екінші томын оның ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Адамның тән тірлігі» және «Табиғаттану» атты оқулықтары құрап отыр. Кітап қазақ руханиятымен қызығушы әрбір жанға, әсіресе студенттерге,
магистранттарға, жас мамандарға арналады.
Аламан
Х.Досмұхамедұлы
Шыққан жылы: 1991
Беттер саны: 176. Баспасы: Ана тілі. Аламаты Кітап туралы мәліметтер: Досмұхамедұлы Х. Аламан (Құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар) — Ғарифолла Әнес, Аманқос Мектепов, Шәмшәдин Керімов)
— Алматы: Ана тілі, 1991. 176-бет. 30-жылдары зобалаңының құрбаны болған белгілі ғалым, дәрігер, тарихшы әрі қоғам қайраткері Х.Досмұхамедұлы әдебиет тарихы мен теориясы және тіл мәселелері жөнінде де құнды
еңбектер жазды. Қазақ халқының әдебиеті үлгілерін жинап «Аламан» атты хрестоматия құрастырды. Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Мөңкеұлы шығармаларын терең ғылыми зерделікпен талдады. Қазақ, қырғыз тіліндегі үндестік
заңын зерттеді. Ғалымның қазір де маңызын жоймаған осы еңбектері араға жетпіс жылдай уақыт салып, оқушылармен қайта табысып отыр.
Халелтану арнаулы курсының бағдарламасы
Ғ.Б.Базарғалиев
Шыққан жылы: 2002
Беттер саны: 16 Баспасы: Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеті Кітап туралы мәліметтер: Базарғалиев Ғ.Б. «Халелтану» атты арнайы курстың бағдарламасы. — Атырау, 16-б, 2002 Бағдарламада ғұлама ғалым,
ағартушы, педагог, профессор Халел Досмұхамедовтың ағартушылық, ғылыми-педагогикалық мұрасына талдау жасалады. Бағдарлама мамандыққа кіріспе және педагогика тарихы курстары бойынша арнаулы курс ретінде
университеттер мен институттардың барлық мамандықтарына арналған.
Халқымен етене Халел Хакім
Төлеген Жаңабайұлы Шыққан жылы: 2018 Бет саны: 206 Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, Алашорда қозғалысының батыс бөлімшесіндегі екі қолбасшының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, бірегей ғалым, профессор
Халел Досмұхамедов туралы айтылар әңгіме де, шертілер сыр да сан тарау. Жазушы-өлкетанушы, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты,
Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Төлеген Жаңабайұлы өзінің публицистикалық баянында солардың ішіндегі баршаның құлағына жетіп үлгермеген кейбір деректерді, сондай-ақ оның туған өңіріне, өскен ортасына,
ағайын-туыстарына қатысты жайттарды қамтуды көздеген. Халел есімінің халқына қайта оралған шақтағы жарқын сәттер мен түйткілді тұстарды да қаламынан тысқары қалдырмаған. Кітап қалың оқырман
қауымға, оқу орындарының ұстаздары мен студенттерге арналған.
https://drive.google.com/file/d/1G46I-qrmlTCk1Q1z2FGacfB9mrhPWBID/view?usp=sharing
Оқушының саулығын сақтау.
Сохранение здоровья учащихся.
Maintaining the health of students.
Анарбек Регина Қуанышбекқызы
Шыққан жылы: 2023 Бет саны: 20 Ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, ағартушы, жаратылыстанушы Халел Досмұхамедұлының «Оқушының саулығын сақтау» кітапшасын барлық студенттерге арнап үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілде ауыдарылды.
https://drive.google.com/file/d/1DoA1z1KdWXpC-dCaJspRa1lvkWAQNm9v/view?usp=sharing
Халелтану
▶1994 жылы 23 мамырдағы Министрлер Кабинетінің шешімімен Атырау педагогикалық институтының ғұлама ғалым, профессор Халел Досмұхамедовтың есемі берілді. Ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімінің ортамызға қайта оралуы оның жан-жақты сарқылмас ғылыми мұрасын зерделеуге және Халел тағылымын терең зерттеуге мүмкіншілік жасады.
Жоғары білім беруді одан әрі жетілдіру, мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау аймақтың жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті өзінің 1994 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогика институты - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті болып қайта құрылды. Оның құрамына Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мұнай және газ институты болып аталған Қазақ ұлттық-техникалық университетінің Атырау филиалы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогика институтының Ақтау филиалы, Атырау педагогика училищесі, Атырау политехникалық техникумы және облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты енгізілді.
Ғұлама ғалымның ғылыми мұралары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жекеленген кафедралары оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына енгізілді. 2003 жылдан бастап, университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Халелтану» курсын университеттің барлық мамандықтарының оқу жоспарына енгізілді. Осы жылы п.ғ.д., профессор Қ.Б.Сейталиевтің және п.ғ.к., доцент Ғ.Базарғалиевтің құрастыруымен «Халелтану» курсының бағдарламасы мен «Халелтану» оқулығы баспадан 15 б.т. көлемінде жарық көрді. Және 2024 ж. қараша айынан бастап университетте «Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды ашылды.
Х.Досмұхамедов бюстісіне гүл шоғырын қойып, тағзым ету салтанатынан
Деректер, құжаттар
▶Халел Досмұхамедов ғұлама ғалым ағартушы педагог
Халқымыздың тарихында белгілі орны бар, ұлтымыздың рухани өрлеуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан өңірлердің бірі – бүгінгі Атырау облысының аумағы екені баршаға аян. Ежелгі халқы өз алдына ұлыс болып, іргесін бекіте бастаған алмағайып заманнан бері Атырау өңірінің теріскей жағында шалқып жатқан ұлан-ғайыр даланың тарихи рөлі бүгінгі таңда зерттеушілерді тоқтаусыз қызықтырып келеді. Есте жоқ ескі дәуірлерде осы өңірден қаншама батырлар, ақын-жыраулар, ділмәр шешендер мен данагөй билер шықты десеңізші! Атыраудың арыстары қазақ сахарасының қоғамдық өмірінде өз қолтаңбаларын қалдырған алыптар еді.
Біз осы Атырауда өлкесінің арғы-бергі тарихына көктей шолу жасап, оның кейбір маңызды кезеңдерін тәптіштей таразылап жатуды жөн көрмедік. Біздің міндетіміз – отандық тарихымыздың көлеңкелі тұстары мен ақтандақ ақиқаттарын халқымен қайта қауыштыру.
Ұзақ жылдар бойы, кеңестік идеологияның кесірінен тар қапаста қамалып, қуғын – сүргіннің құрбаны болған арыстар есімін ел тарихына енгізу – кейінгі ұрпақтың азаматтық борышы. ХХ ғасырдың бас кезеңінде қазақ жеріне шуағын шаша бастаған ағартушылық, ұлт – азаттық қозғалыстарының танымал өкілдері осынау қасиетті топырақтан да көптеп шықты.
Солардың бірі, тіпті бірегейі – осы баяндамаға арқау болып отырған Халел Досмұхамедов. Халелдің қазақ халқы үшін, өзінің ұлы отаны Қазақстанның келешегі үшін сіңірген, артына қалдырып кеткен елеулі еңбектері бүгінде бағалауға тұрарлық.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы саяси өмірдің бел ортасында Халелдің қайраткерлік іс – қабілеті ардагер азаматты ұлтының ұраны боларлық биік дәрежеге көтергені рас. Арпалыс кезеңдерде өткізген өзінің қысқа ғұмырында ол дархан дарынын, қарымды қабілетін және еңбекқорлығын мейлінше өз деңгейінде көрсетіп кеткен азамат.
Табиғатынан талантты тұлға – Халелдің қалыптасқан ортасы – қазақтың бақ қонған киелі ауылы мен ел билігін тізгіңдеген билер ортасы еді. Ол өзінің ана тілі – қазақ тілімен бірге латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс және француз тілдерін тиісті деңгейде еркін меңгере біліпті. Осынау көп тіл білетін полиглоттық қасиетті ұлы ғұламаның жан – жақты дарынын ашып көрсетуге септігін тигізді десек, шындықтан алыстай қоймаймыз. Ол тілдің бүлкілдеп соғуын тамыршыдай тани білген сезімтал лингвист, фольклорист, тарихшы- этнограф және аудармашы болған.
Жан – жақты білімінің арқасында биология, зоология, медицина салаларында мән – маңызды жоғары көптеген еңбекткр жазды. Тіпті, Халел Досмұамедұлының бүгінгі таңда биология ғылымының қазақ топырағында өсіп - өркендеуі үшін қосқан үлесі, сонымен бірге оның лингвист ретіндегі еңбектері әлі күнге дейін толық талқыға түспей келеді.
Бұл кісінің азды – көпті зерттеліп, жұртшылықтың, тарихшы зиялыларымыздың назарын аудартып келе жатқан қырларының бірі – оның ұлт – азаттық күрес жолындағы саяси еңбегі, қоғам қайраткері ретіндегі халқына сіңірген қызметі. Бүгінгі ұрпақтың басым көпшілігі, егер білетін болса, Халелді, ең алдымен, нақ осы қырынан таниды және бағалайды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы демократиялық ой – пікірдің қалыптасып, ұлттық ұран дәрежесіне дейін дамытуына тікелей ықпал еткен саяси қайраткерлер саясат аренасына талай алып ой иелері мен қарымды қайраткерлерді көтерді. Ұлт санасында сан ғасыр тұншығып жатқан азаттық идеясын ұлт ұраны деңгейіне жеткізіп, оны іс жүзіне асыра білді. Қазақ халқының тарихында еңселері биік, жүздері жарқын, есімдері алтын әріптермен жазылар ұлт зиялыларының қатарынан Алаштың қайраткер ұлы Халел Досмұхамедұлы да көрнекті орын алады.
Ұлтының басқа жұртпен терезесі тең, тәуелсіз ел болуын мақсат тұтқан қазақтың ат төбеліндей зиялы қауымы Алаш есімін ұран қылып, қаншама қайрат жасаса да, қол астындағы халыққа Кеңес өкіметі саясатының зорлықшыл әдістерін де мойындап, қолдарынан келгенше туған халқына игі қызмет көрсетуге әрекет етті. Зиялы қауым өкілдері ұстараның жүзіндей жалт – жұлт еткен саясаттан амалсыз бас тартып, халқының келешегі жолында мәдени ағартушылық қызмет атқарды. Қазақ халқының санасын жайлаған дерттің емін біліп, қараңғыда қарманған халқын жарыққа жетелеген ұлт зиялылары енді өздерінің терең білімі мен қолдан келер жақсылығын халқының жарқын болашағына арнады.
Алащ үкіметі таратылған соң, қазақтың озық ойлы зиялылары Кеңес өкіметінің мәдени – ағартушылық жұмыстарына, елдегі мәдени қайта құру істеріне белсене араласады. 1920 жылдың күз айларында ол Қазақтың халық ағарту институтына оқытушы болып қызметке тұрғаны белгілі. Сонымен қатар Халел Орта Азия университеті медицина факультетінің ауруханасында ординаторлық қызмет жасайды.
... 1923 жылы Түркістан Республикасына қарасты ғылыми кеңестің төрағасы болып сайланып, мемлекеттік ғылыми баспаның бөлім жеткшісі міндетін де қоса атқарып жүреді... Кеңес өкіметі қатарындағы Түркістан автономиялық республикасы құрамына Қазақстанның біршама жері мен халқы кіретін еді. Республиканың орталығы Ташкент қаласында қазақтың озық ойлы азаматтары бірлесе жемісті еңбек етті. Кезінде кеңестік идеологияға қарсы шығып, тәуелсіз ұлттық мемлекет құруды мақсат тұтқан ұлт зиялылары жаңа өкімет тарапынан өздеріне деген сенімсіздік пен суық қабақты сезіне жүрсе де, халқының ертеңі үшін ұлт тағдырына бей – жай қарай алған жоқ. Осы бір аласапыран кезеңде қазақ қоғамында қалыптасқан жергілікті ұлт зиялыларының ағымы мемлекет саясаты мен ұстанған идеялары арқылы бір – біріне қарама – қарсы келсе де, олар заман ағысына қарай қандай жолды таңдаса да, алдарына қойған мақсаттары біреу – ақ – ол халқына, ұлтына қызмет ету еді. Осы мақсатта ардагер азаматтарымыз барлық идеялық тартысты тоқтатып, бір арнадан табылып, жұмыла жұдырық болып, қиын – қыстау кезеңде бір – біріне сүйеу бола білді. Міне, біздің халқымыздың тарихына бұйырғаны, алайда тар маңдайға сыймай кеткен, қайталанбас зиялы қауымның қыруар еңбегінің бір көрінісі.
Біз Сейфулиннен Жұмабаевты, Жандосовтан Тынышбаевты, Нұрмақовтан Ермековты, Сәдуақасовтан Бөкейхановты, Рысқұловтан Досмұхамедовты бөліп-жарып, олардың еңбектері мен қызметтерін жеке-жеке көрсетуге, бірінен бірін жоғары коюға абай болуымыз керек. Бұл азаматтардың қай-қайсы да бар өмірін халқына арнап, сол жолда өздерін құрбан еткен жандар.Өздерінің от-жалын ғұмырында бірін-бірі толықтырған қазақтың келбетті ұлдары еліне баға жетпес еңбек еткен асыл тұлғалар еді.
Кешегі тар заманда қуғын-сүргінде жүрген Алаштың ардагер ақыны Мағжан Жұмабаевты Сәкен Сейфуллин қызметке тартса, қазақтан шыққан тұнғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбаевты Тұрар Рысқұлов Түрксиб теміржол құрылысының штабына әкеп отырғызды. Халел Досмұхамедұлы да Рысқұловтың тікелей көмегімен республиканың мәдени-ағартушылық саласына жұмысқа тартылды. Міне,Ташкенттегі зиялы қауым ортасында Халел Досмұхамедовтың ғалымдық, ұстаздық, қайраткерлік болмысы жарқырай көрінеді . Қазақтың асыл арыстарының 1920-1937 жылдардағы өмірі мен қызметінің әрбір күні қауіп-қатер, жала, қуғындалумен қылшылдаған қылыштың жүзінде өтті. Зұлмат заманның тар шеңберінде, күнделікті аңду мен қуғын астында халқымыздың ардақтылары қазақтың рухани-мәдени құрылысының дамуына айтарлықтай үлес қосып үлгерді. Олар жұртының шын мәніндегі жанашыр арашашысы екендерін көрсетті. Ешқандай саясат пен ұлтшылдық идеяны көксемей-ақ, халқының қажнетіне жарауға тырысты Бұл жағдай түсінікті де еді, ендігі жерде ұлттық ұранды көтеруге, күшіне әбден енген Кеңес үкіметі ешқандай мүмкіндік бермеді. Ұлт зиялыларының үкімет саясаты аясындағы нақты іс-әрекеттері халқына рухани қызмет ету және оның сана-сезімін шамасы келгенше улы идеологиядан аман сақтау болды. Тәуелсіз ұлттық мемлекет дәрежесіне жете алмаса да, ендігі жерде қазақтың ұлттық болмысы мен рухын сақтап қалуға еңбек етті.
Халқының еңселі ел болуын көксеген ұлт зиялылары ел арасындағы оқу-ағарту саласын көтеруді, сөйтіп, жұрт санасын сауықтыра отырып, ұлттық болмысты сақтауды мақсат тұтты. Олар Кеңес үкіметінің алысты көздеген зымиян саясатының негізгі түп-төркінін де білді. Осы саясатпен іштей, астыртын, өздерінің білім-қабілеттері мен іс-әрекеттерін жұмсай отырып күрескен есіл боздақтар алдымен ұлтының этнос ретінде жойылып кетпеуі үшін оның тілін, әдет-ғұрпын, әдебиетін, мәдениетін, тарихын жинақтап, зерттеп-зерделеп, ұлттық рухын байлығына айналдыруға тырысты. Осы салада олардың, атап айтқанда, М.Тынышбаев пен С.Асфендияровтың тарихтан, Ж.Аймауытовтың психологидан, А.Байтұрсыновтың тілден, М.Жұмабаевтың педагогикадан іргелі еңбектері туындады. Бұлар еліміздің рухани тәуелсіздігі үшін ұлт зиялыларының қаламы мен білімінен туған ерекше күрестер көрінісі болды. Халел Досмұхамедұлы да осы жылдары тарих, әдебиет , педагогика салаларында айтарлықтай мұралар қалдырып еді...
Қазақ педагогикасы мен ағартушылық саласында айрықша із қалдырған көрнекті тұлғалардың бірі – Халел Досмұхамедұлы. Халел ұлттық педагогиканы ғылыми түрде негіздеп, бір ізге түсіруде үлкен еңбек сіңірген еді .Ол кісінің бұл саладағы еңбегі көп уақытқа дейін зерттелмей келгені оның саяси белсенділігіне, ұстаған жолы мен идеясына байланысты екені қазір баршаға аян. Өйткені "халық жауы" деген жалған айдар тағылған арыстарымыздың қатарында Халел болды. Ғұламаның көптеген еңбектері қиын-қыстау заманда, өкімет тарапынан қудалау кезінде жоғалып кеткендіктен ол ақталғаннан кейін де оның артында қалған ұлан-ғайыр мұрасын тауып, талқыға салып, іріктеп,ғылыми тұрғыдан зерттеу оңайға түсіп жатқан жоқ..
Қазіргі таңда қолда бар еңбектері ғұламаның ғылыми қызметін зерттеуге негіз болып отыр. Көрнекті тұлғаның ағартушылық саласындағы еңбегінің, педагогтік-ұстаздық қызметінің алатын орны ерекше. Ол қандай жұмыста жүрсе де,өзінің дәрігерлік міндетін бір сәт ұмытқан емес. Балаларды жанындай жақсы көрген ол, көбінесе, тіпті айдауда жүрген кездерінде де, мектеп дәрігерінің қызметін қоса атқарып отырған. Институтта жүрген жылдары бала тәрбиесімен айналысқан ғалым – педалогия кафедрасын ұйымдастырып, кейіннен "Педалогия ғылымының профессоры" деген атағын да алған. Халқының тәнінің саулығын бәрінен жоғары қойған Халелдің қасиетті мамандығы халқының мұқтажын өтеуде үлкен еңбекке айналды.
Ол кісі Ташкент қаласында орналасқан және сол кездегі ел ішіне білімнің жарық сәулесін таратуда елеулі ықпал жасаған Қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында жұмыс істеді. Бұл өзі мектептер мен мектептен тыс мекемелер, халық ағарту ұйымдары үшін мамандар даялайтын жетекші оқу орындарының бірі болған. Ұлтының рухани жаңғыруы мен мәдени дамуына қызмет еткен ұлт зиялылары осы мақсатта өздерінің ағартушылық ұйымдарын құрып, оны өз мақсаттарын іске асырудың тетігіне айналдырды.
Ташкентке шоғырланған зиялы қауым өкілдері ұлтына мәдениет шамшырағын жеткізуді мақсат еткен "Талап" атты қоғам құрады. Қоғам төрағасы болып – Халел Досмұхамедов, мүшелері: профессор Александр Эдуардович Шмидт, Иса Тоқтабаев, Мырзағазы Есболов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұхтар Әуезов,Қасым Тыныстановтар сайланады. Мағжан Жұмабаев, Әбубәкір Диваев, Николай Архангельский, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожановтар "Талап" жұмысына белсене араласады.Ондаған кітап,оқу құралдары осы қоғам күшімен жарық көреді.
Х.Досмұхамедұлының республикадағы оқу-ағарту саласына сіңірген елеулі еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Халел 1927 жылы доцент,1929 жылы профессор атағы берілді. Ол 1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Оталық Өлкетану бюросының тұңғыш корреспондент-мүшесі болып сайланды.Сонымен қатар өзінің мамандығы бойынша Денсаулық Сақтау Комиссариатында жоспарлау-ұйымдастыру басқармасының меңгерушісі қызметін де атқарған.1924 жылы Ташкентте Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жанынан "Сана" журналын шығарып,өзі басшылық жасап отырды.
Халық ағарту саласында атқарған жемісті еңбектері Халелдің шын мәнісінде халқының жанашыр ұлы екенін көрсете білді. Досмұхамедұлы мәдени-ағарту тұрғысында былай деді: "...Заманымыз – мәдениет заманы, мәдениетке біілім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім...алуға көп еңбек, аса сабыр керек. деп айтқан. Халелдің тереңнен тартқан бұл ойының түп төркіні – халқына еңселі ел болам десеңдер алдымен оқу-білім, мәдениетке бет бұруын көрсетуі еді. Оқу-білімге мұқтаж қазақ халқының рухани дүниесінде үлкен төңкерістер жасаған ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени-ағарту жұмыстарының бел ортасында жүрген Досмұхамедұлы өзінің тұңғиық,таза даналық ойлары мен еуропалық сапалы білімін ұштастыра білді.
Х.Досмұхамедұлы этнопедагогика мен этнопсихология саласына айтарлықтай қомақты үлес қосты. Қазақ халқының ұлттық мінез-құлқының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда алғаш рет негіздеді. Халелдің этнопсихология мен этнопедагогика саласында айтқандары көбіне оның фольклорлық еңбектерінде жарияланған.Оның себебі,ұлттық педагогика мен психология ерекшеліктерін ғұлама осы саладан іздеген екен.
Этнопсихология қарастыратын психологиялық мәселелер ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мұны Х.Досмұхамедұлы өз еңбектерінде анық көрсете білді. Мысалы,қазақтың айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адам жан-жүйесінің небір жақтары - ойлау,сөйлеу,қиял,сезім,ерік-жігер,мінез,т.б. - әр қырынан көрініп жатады.
Халелдің пайымдауынша – қазақ халқының ауыз әдебиеті – тәлім-тәрбиенің негізгі қайнар көзі оның бұлай тұжырымдауына себеп,өзінің рухани білімінің осы салада қалыптасқанында жатыр.Ол қазақ әдебиетінің қай жанры болмасын,тәлім-тәрбиелік мазмұнға бай келетінін онда көшпенді халықтың өмір салты, психологиясы жан-жақты көрініс табатынын айтады. "Қазақтың жеке өмірінің барлық сәттері туғаннан бастап өмірінің соңына дейін,жеке адам,тұтас халықтардың немесе жеке рудың туған өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады.Мәселен,сәбидің дүниеге келуі мен алғашқы жылдары халық поэзиясында шілдехана,бесік жыры, (колыбельная песня)атты арнайы жырлар түрімен аталып өтеді",-дейді Халел.Ол халқының болашағы – келер ұрпақтың келешегі мен ертеңін де ойдан шығармай, арнайы көңіл бөліп отырған. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесінің бастау бұлағы – халықтың қайнаған тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінің халық әдебиетіндегі көріністерінің маңыздылығын көрсетеді.
Х.Досмұхамедұлының айтуынша, ұлттық тәлім-тәрбие сәбилік, бозбалалық ,жастық шақ кезеңдерінде, той-томалақ,айтыс,ән-күй,өлең-жырлардың мазмұнын анық жақсы байқалады,яғни,қазақ баласының шыр етіп жерге түскенінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән мен жырдың аясында қалыптасады. Қазақтың тілі мен өнерін ғасырлар бойы дамыта отырып осы күнге жеткізген ұлттық музыка екенін Халел дәл көрсете білген.Халел өз сөзінде: "...Әдеттте оныңең бірінші еститін үні – анасы айтқан бесік жырының әуені", -дейді. Генетиктердің айтуынша бала ана құрсағында жатқанда-ақ анасының дауыс ырғағын, қимыл-қозғалысын сезініп,белгілі бір этностың тілімен ақпарат алып отыратындығы дәлелденіп отыр. Халелдің бала психологиясының ерекшелігіне байланысты түйіндері халықтық педагогикадан гөрі ғылыми педагогика мен психологияға жақын,этнопедагогика мен этнопсихологияға байланысты айтылған ойлар.Яғни,Халел тәрбие мәселесіне ғылыми сипат беріп қазақ халқының ұлттық психологиясын,оның тіл ерекшелігі мен музыкасын,әсіресе,қасиетті домбырасы арқылы көрсеткен.
"...Қазақтың өз баласын тәрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың басты орындарға шығуына,сірә,халық әдебиетінің,халық әндерініңкең таралып,дамуы және қазақтардың өмірдің кез-келген жағдайында өлең шығарып,ән айтуы бір себеп болса керек", - деп Халел алғашқы ойын жалғастырады. Халел осы ғылыми маңызы бар түйініне сабақтас-мына пікірдің этнопедагогикалық мәні айтарлықтай: «Бала тілінің дамуы мен жеке адамның қалыптасуы мәселелеріне халық балалар әдебиетін зерттеудің көптеген мағлұмат беретіні сөзсіз.Сондықтан да қазақ педагогтары бұған дұрыс көңіл аударулары қажет .Халел ұлттың этнос ретінде жер бетінен жоғалмауын,оның одан әрі дамуы-тілге байланысы екенін,әсіресе,жас баланың ана тілін дамыта меңгеруін баса көрсетті.Сол кезде-ақ Халел тіл мәселесін төменнен дамытуды,оны халықтың рухани өмірінен тікелей байланыстыра отырып өрістетуді ұсынған екен.Бұл дегеніміз-ана тіліміздің өмірлік өркендеуінің көрінісі.
Халел халық педагокикасына қатысты атауларға тоқталып,анықтамалар жасады. Ол қолданған атауларының қатарына шілдехана, бесік жыры, сәлемдесу, көрісу, бата, алғыс, ырым, тыйым сөздер, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең, үйлену тойы өлеңдері (жар-жар, той-бастар, қоштасу,сынсу) жоқтау, жұбату, көңіл айту, аруақпен айтысу, әпсана, аңыз, шежіре, айтыс, шешендік өнер,билік сөз,өсиет діни ғибраттық сөз,тарихи өлең,билік сөз,өсиет,діни ғибраттың сөз,тарихи өлең,батырлық жыр,емшілік жырлар,қисса,ғашықтық жыр,түс жору,т.б.жатады.
Халел Досмұхамедұлы әдебиет зерттеушісі ретінде де біраз еңбек сіңірген ғұлама. Оның әдебиет зертеушісі хақындағы қызыметіне академик 3.Қабдолов өте әділ баға берген «...Данышпан Досмұхамедов мұнымен тынбайды, туған халқының даналығын тек оның өзіне ғана емес, өзге жұрттарға да анық таныту үшін, енді орыс тілінде «Қазахская нородная литература и ее содержание» («Қазақ халық әдебиеті») деген кітап жазып бастырды. Сөз өнері туралы тек осы кітабынан басқа еш нәрсе жазбаса да дәрігер Досмұхамедов тамаша әдебиет зерттеушісі ретінде тарихта қалған болар еді. Өйткені бұл кітап-қазақ әдебиетінің тегі(генезисі)қайнар көзі жайында Халел ашқан Америка. Мұның эпостан қиссаға дейін жіпке тізілген 46 түрлі жанрлық классификацисының өзі мәңгілік маңызын жоймайтын,құнын кемітпейтін әдеби-эстетикалық қисын.
Ал ғұлама ғалым мұнымен де тынбайды."Аламан" деген жинақ, "Исатай-Махамбет",тағы бір кітап бастырып шығады. Соңғы кітапқа алғысөз әрі кіріспе ретінде жазған "Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат"дейтін қысқа емес, ұзын зерттеуі -әдеби-шығармашылық еңбектерінің шыңы.бұл кітап Махамбет жырлары мен Ығылман Шөрековтың атақты "Исатай-Махамбет" дастанының тұңғыш басылымы ғана емес, Махамбеттанудың басы болып табылады. Демек, Қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы бір саласын салып, қалыптастырған тағы да Халел Досмұхамедов деуіміз шарт . Ғұлама Халелдің әдебиет зерттеушісі ретіндегі еңбегіне бұдан артық әділ баға берілмес. Бұл арада атап айтатын бір нәрсе – Халел көп нәрселер туралы, соның ішінде, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері және олардың шығармалары жөнінде алғаш рет сомды пікір айтқан әдебиетші десек, шындық шеңберінен шыға қоймаймыз. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін талдай отырып, әдеби шығармалардың мазмұнына, оларда айтылған сүбелі ойларға арқа сүйеп отырады. Оның әдебиетке қатысты кез-келген шығармасын алып, мынау тек әдебиет туралы жазылған екен деуге келе қоймайды. Ғылым салаларын ғалым көбінесе байланыста жазады .Бұл дегеніміз ғұламаның сегіз қырлы бір сырлы әмбебап тұлға ретіндегі жан-жақты терең білімі мен тылсым терең талғамын көрсетеді.
Халел Досмұхамедұлының негізгі мамандығы дәрігер болғанымен, жан-жақты ғалым екендігін жоғарыда айтып өттік. Сол пікірдің дәлелі оның қазақтың тілі туралы жазған еңбектері болып табылады. Ғалым бұл бағытта бірнеше көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазақ тілінің теориясы мен грамматикалық ұстанымдары әлі толық қалыптаспай,тиістіғалымдар тарапынан тиянақты шешім қабылданбай тұрған кездің өзінде Х.Досмұхамедұлы мүмкіндігінше ғылыми тұжырымдар жасай білген. Солардың ішінде, әсіресе,қазақтың төл оқулықтарын жасау барысында өз ойларын батыл келтіріп айтып отырады.
Ең бірінші айтатын нәрсе - ғалым ұлттық ғылым тілін қалыптастыру үшін өз тарапынан белгілі бір еңбектер сіңірген. Олардың негізгі бағыты бүгінде өз құнын әлі жойған жоқ. Әсіресе термин және стиль мәселесінде ғалымның айтқан тұжырымдары бүгінгі таңда да назар аударарлық деп білеміз. Өзінің негізгі мамандығы дәрігер, жаратылыстанушы болғаннан кейін осы бағытта жазылған оқулықтардың тілі ол кісінің зерттеу объектілерінің бірі болған.
Жоғарыда айтып өткеніміздей Х.Досмұхамедов атақты, ғұлама ғалым, дәрігер педагог. Ол өмірінің қиын кезеңдеріне қарамастан білімін терең меңгеріп, ізденісін жалғастыра білді. Бүгін міне осы ғұлама, ғалым ХДосмұхамедовтың туылғанына 135 жыл толып. оның атымен аталып отырған біздің Атырау мемлекеттік университетіміз Қазақстанда ең ірі жоғары мемлекеттік оқу орындарынның бірі болып отыр Х.Досмухамедов атымен аталған университетіміз қазақстанға танымал жоғары оқу орындарының бірі болып отырғанына мен мақтаныш тұтамын. Х.Досмұхамедов сияқты ғұлама ғалымдар өз арамыздан да табылса екен жарығы өшпейтін жұлдызымыз Х.Досмұамедов қазақстанға танымал болып қоймай барша әлемнің де жадында жүрсе екен.
1. Досмұхамедұлы X. Таңдамалы (избранное)- Алматы: Ана тілі, 1998.
2. Қорқытов Б. Атырау билері мен батырлары- Алматы: Өлке, 1992.
3. Досмұхамедұлы X. Аламан - Алматы, Ана тілі, 1991.
4. Сыздықов Қ. Керімов Ш. Алқаласа әлеумет. Жыр жинағы- Алматы, 1991.
5. Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан (1905-1917 ж.ж.) - Алматы, 1999.
6. Нұрпейісов Қ.Н. Алаш һәм Алашорда - Алматы 1995.
7. Қойгелдиев М.Қ. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917-ші жылдардағы қоғамдық- саяси қызметі.
Докторлық диссертацияның авторефераты-Алматы, 1994-28
8. Қойгелдиев М.Қ. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917-ші жылдардағы қоғамдық- саяси қызметі. Алматы, 1997
9. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы- Алматы, 1995.
10. Тынышпаев М. История казахского народа. Составители и авторы предословия Такенова А.С., Байғалиев Б.-Алматы: Қазақ университеті. 1993.
11. Озғанай Ө. Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан (1905-1917 ж.ж)- Алматы: 1999.
12. Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Меклпеов А., Халел Досмүхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы - Алматы Санат, 1996.
13. Табылдиев Х.Б. Есімі ел есінде "Денсаулық" 1995, № 7.
14. Досмұхамедұлы X. Жұқпалы аурулар хақында // "Қазақ" газеті 1914 № 60, № 62.15. Қазақстан ұлттық энциклопедиясының бас редакциясы - Алматы. 1998.
16. "Қазақ газеті". 1917.
17. Нұрпейісов К.Саяси көзқарас Халел Досмұхамедұлы және оның өмірімен шығармашылығы - Алматы: Санат 1996.
18. Алаш орда. Сборник документов - Алматы: 1992.
19. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения. Алаш - Москва. Россия молодая. 1994.
20. Досмұхамедов X. Табиғаттану. І-бөлім Ташкент,1922.
21. Досмұхамедов X. Жануарлар I- бөлім. Қызылорда, 1928.22. Досмұхамедов X. Адамның тән тірлігі. Қызылорда, 1927.
23. Досмүхамедов. X. Денсаулығыңды сақгай біл. Алматы, Балауса, 1997.
24. Алты алаштың мақтанышы Республикалық "Х.Досмұхамедов оқулары" атты ғылыми-практикалық конференңия материалдары. Атырау, 2000.
25. Хабижанов Б. Дәрігерлік қызметі ел ішіндегі жұқпалы аурулармен күрес. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы - Алматы, Санат. 1996.|
26. Досмұхамедов X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. Ташкент, 1924.
27. Сейталиев Қ.Б. Әмбебап ғалым-педагог // Қазақстан мектебі. 1994, № 6.
28. Сейталиев Қ.Б. “Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің дамуы. Алматы, Республикалық баспа кабинеті 1996.
29. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.К. Педагогика. Астана, 1998.
30. Әубәкіров С. Экология тану. Алматы, 1995.
31. Көшербаев Қ. Қазақ тілі мен әдебиеті - ұлт мәдениетінің тірегі.// Қазақ тілі мен әдебиеті. 2000. № 7.
32. Сыздықов Қ. Керімов Ш. Алқаласа әлеумет. Жыр жинағы. Алматы, 1991.
33. Шәріп Амантай. Абай және үлт // Қазақ әдебиеті. 2000.
34. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы- Алматы. 1991
35. Досмұхамедұлы X. Исатай-Махамбет.- Алматы: Өлке, 1991.
36. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Ғылыми журнал.
37. К.Қожахметова. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. Алматы. РБК, 1997 ж.
38. С.Қалиев, Қ.Жарықбаев Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, 1995.
39. Ә.І.Сембаев. Қазақ совет әдебиетінің тарихы. Алматы, 1967.
40. Қ.Құнантаева. Қазақстанда білім беру ісінің тарихы. Алматы, 1917-1990.
41. ІІІ Республикалық «Досмұхамедов оқулары» Атырау, 2003.
42. Атырау мемлекеттік университеті: бүгіні мен болашағы. Алматы, 2001.
43. Х.Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы. Алматы, «Сана» - 1996.
44. Досмұхамедов Х. Таңдамалы. Алматы: «Ана тілі», 1998.
45. ӨРОМА. Р-372 қор 1-тізбе, 15-іс, 51-73 п.
46. ӨРОМА. 17-қор, 1-тізбе, 293-іс, 25 п.
47. Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Мектепов А., Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы –Алматы Санат, 1996-115 б.
48. ӨРОМА. Р-34 қор 1-тізбе, 293-іс, 25 п.49. Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабижанов Б., Мектепов А., Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы – Алматы Санат, 1996-133 б.
50. ӨРОМА. Р-34 қор 1-тізбе, 2114-іс, 13 п.
51. ӨРОМА. Р-34 қор 1-тізбе, 2114-іс, 13 п.
52. ӨРОМА. Р-34 қор 1-тізбе, 2114-іс, 13 п.
53. «Сана» 1923 №1.
54. Алтын алаштың мақтанышы. Республикалық оқулары-Атырау, 2000-60 б.
55. ӨРОМА. Р-34 қор 1-тізбе, 2114-іс, 36 п.
56. Досмұхамедов Х. Табиғаттану. І-бөлім Ташкент, 1922, 6-11 б,б.
57. Досмұхамедов Х. Жануарлар І-бөлім Қызылорда 1928, 229 б.
58. Досмұхамедов Х. Жануарлар І-бөлім Қызылорда 1928, 3 б.
59. Досмұхамедов Х. Жануарлар І-бөлім Қызылорда 1928, 3-229 б.
60. Досмұхамедов Х. Адамның тән тірлігі. Қызылорда 1927, 4 б.
61. Досмұхамедов Х. Адамның тән тірлігі. Қызылорда 1927, 308 б.
62. Досмұхамедұлы Х. Бірінші том. Жан саулығы/ Құраст. Проф.Ғ.Әнес.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. – 432 б.
63. Досмұхамедұлы Х. Екінші том. Тән саулығы/ Құраст. Проф.Ғ.Әнес.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. – 496 б.
64. Досмұхамедұлы Х. Үшінші том. Жануарлар / Құраст. Проф.Ғ.Әнес.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. – 536 б.
65. Мұратова А. Х. Досмұхамедұлының Қазақстан ғылымы мен қазақ тілінің дамуында алатын орны. //Қазақ тілі мен әдебиеті. 2000, №4 52-53 бб.
66. Досмұхамедов Х. Денсаулық сақтай біл. Алматы, Балауса 1994. 4 б.
67. Досмұхамедов Х. Денсаулық сақтай біл. Алматы, Балауса 1994. 69 б.
68. Алты алаштың мақтанышы Республикалық «Х.Досмұхамедов оқулары» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Атырау, 2000. 61-б.
69. Алты алаштың мақтанышы Республикалық «Х.Досмұхамедов оқулары» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Атырау, 2000. 69-б.
70. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (избранное) – Алматы: Ана тілі, 1998, 349 б.
71. ҚРОМА. 693-қор, 47-іс, 123-124.
72. Әлімханова.Р. Халел басқарған «Талап» қауымы. // Ақиқат. 1998 №3 62-64 б.б.
73. 1 Ағартушы Халел. Жинақ /Құраст. Ғ.Қабдолқайырұлы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. –272 б.
Университет профессорлары Аққали Ахмет пен Сайфулла Сапановтың 2019 жылғы Ресейдің Мәскеу және Воронеж қаласына жасаған ғылыми іс-сапары барысында әкелген құжаттарынан
автор: Базарғалиев Ғабит Бағытжанұлы
Воронеждағы Халел тұрған үй
Халелдің жеке кітапханасының таңбасы
Халелдің ставкасы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне Х.Досмұхамедов есімінің берілу туралы қаулы
Халел Досмұхамедұлы – Воронеж қаласындағы №7 мектептің пионер лагерінің дәрігері
БАҚ материалдары
▶"Халел Досмұхамедовтың мұрасын ұлықтау аясында өткізілген іс-шаралар мен жарияланған мақалалар жинағы"
- «Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі» халықаралық конференциясы
- 2024 жылдың 26 сәуірінде Атырау университеті,, "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұйымдастырып отырған Қазақ білімпаздарының тұңғыш съездіне 100 жыл толуына орай өткізілген "Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибиесі" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық отырысына қатысып, "Халел Досмұхамедұлы және Қазақстандағы жоғары білімнің қалыптасып, дамуы" тақырыбында баяндама жасады.
- https://www.instagram.com/p/C6dAmetofCm/?igsh=MWIwZnN6dm1xMzdqMQ==
- «Досмұхамедов оқулары-2024»
- Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Досмұхамедов оқулары-2024» аясында Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125-жылдығына арналған «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Қ.И.Сәтпаев және Қазақстандағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы жарық көрді.
- https://www.facebook.com/share/p/1Afp3ALxXb/
- «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» дөңгелек үстелі
- 2024 жылдың 10 қазанында Халел Досмұхамедұлы есімінің Атырау университетіне берілгеніне 30 жыл толуына орай «Халел Досмұхамедұлы - алаш айнасы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында университет профессорлары қатысып, маңызды тарихи және ғылыми деректермен бөлісті. Дөңгелек үстел өз деңгейінде өтті, және қатысушылар үшін пайдалы болды.
- https://www.instagram.com/p/DA-1Vl-N9hB/?igsh=cHNtZjg4aHczbjM2
- Ғылыми жобалар байқауы
- 2024 жыл 14-15 мамыр аралығында Қызылқоға аудандық білім беру әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Халел және оның мұрасы» тақырыбындағы 11 сынып түлектері арасындағы ғылыми жобалар байқауына "Психология және педагогика" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Базарғалиев Ғабит Бақытжанұлы қазылар алқасы мүшесі болды. Ғылыми жоба байқауы қорытындысы бойынша «Халел-лингвист» тақырыбымен Жаңашаруа қазақ орта мектебінің оқушысы Бағытжан Айнелья Ізбасарқызы І орынды, «Ғасыр ғалымы – Халел Досмұхамедұлы» тақырыбымен Ғ.Сланов атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрнияз Айбар ІІ орынды, «Х.Досмұхамедұлы – Мұрат жырларын зерттеуші ғалым» тақырыбымен Б.Аманшин атындағы орта мектебінің оқушысы Александр Фатима ІІІ орынды иеленді.
«Халел айтқан асыл сөз»
▶
Сенен басқа жүздеген, мыңдаған қазақтың жоғарғы дəрежелі білім
алып жатқанын ойыңа алсаң, сол кезде: бұл халық та еңбекке, алға
басуға қабілетті екен, – деп есептейсің. Бұл: «Бір кезде дүние жүзінде
алдыңғы қатарлы құрметті орындардың бірін алады, ол екінші
Жапонияға айналады», – деген сөз.
Білім алуға көп еңбек, аса сабыр керек. Білім алудың жолы көп. Ең көптісі – жақсы мектеп, білімді мұғалім. Мұнан қалса көпке түсінікті жазылған білім кітаптары.
Заманымыз – мəдениет заманы, мəдениетке білім жеткізеді. Білім мысқалдап кіреді, білімді болу үшін сарғаю керек.
Еңбексіз білім жоқ. Еңбексіз елді ағартып, тездеп мəдениетті қыламын деген ой – ақылдан ауысқандық.
Оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мəдениетін үлгіге алған мəдениетті елдердің əсері.
Біздің тəжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.
Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат əсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.
Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл
болса, ол ел – сорлы ел, мүндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады.
Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.
Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі – зор қате. Бұл оқығандардың һəм оқушылардың есінен шықпауы керек.
Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мəдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бүзылмақшы. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт. Тілімізді бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт əдебиетінен, көркем əдебиеттен үлгілер көрсетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру.
Біздің қазақ жұрты оянғаннан бері мəдениет бəйгесінде ілгері кеткен жұртқа жетудің қамын қылып жатыр. Мəдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
Мəдениет қуған жұрттың ең алдымен, тілі өзгермекші. Шеттен кірген білімін əдетпен, заң мен жаңалықтарға түсінік беретін жаңа сөздер келмекші. Тілге кірген жаңа сөздердің көбі өлкеге алынған мəдениетті жұрттың сөздері болмақшы.
Қара халық өте сақ болады. Тұрмысына, салтына, елдігіне зиянды нəрселерді қабылдамайды. «Қара қарын» ел бұзады деп, жат рулардың адамдарын өте арасына сақтықпен кіргізгеніндей, шет сөздерді де сынап, тергеп, тексеріп, текшеп, өзгертіп, өз тілінің əдетіне лайықтап кіргізеді.
Ақындық – табиғаттың сыннан таңдап бірен-саран адамдарға таңдап беретін артық өнері. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлеу, байыту ақындардың мойнына артылған зор борыш.
Əдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды.