
«Прикаспийская коммуна» газеті мақала жариялады
«Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Георгий Шапошниковтың мақаласында Атырау университетінде Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар баяндалады. Университет дәстүрге айналған «Мен Конституцияны жатқа білемін!» атты конкурс өткізді. Шара барысында студенттер өздерінің құқықтық сауаттылығын көрсетіп, финалда Конституция баптарын жатқа айтып жарысты. Жеңімпаздарға оқу ақысына елеулі жеңілдіктер берілді.
Мақалада бұл дәстүрлі шара университеттің студенттерге құқықтық құндылықтарды дәріптеуде және жастарды білімге ынталандыруда ерекше үлгі болып отырғаны атап көрсетілген. Автор университеттің бастамасын жағымды қырынан бағалап, оқу орнының құқықтық мәдениет қалыптастырудағы белсенділігін айрықша сипаттайды.