
5 маусым 2025
XVII Республикалық пәндік олимпиададағы жеңіс
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттерінен құралған топ 2025 жылғы 2–4 маусым аралығында Тұран университетінде өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі III орынға ие болды!
Команда құрамында дарынды білім алушылар:
• Бекжан Қаппаров
• Кирилл Ким
• Ербол Құшалиев
Студенттерге экономика магистрі, сеньор-лектор Мейрамгүл Дінғазиева жетекшілік етті. Білім сайысында олар маркетинг саласындағы білімдері мен дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.
Жеңімпаз команда мүшелерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!