Media Image

30 мамыр 2025

Педагогикалық қайта даярлау курстарын өткізу – заманауи үдеріс

Қазақстанда педагогтерді қайта даярлаудың жаңа жүйесі табысты іске асуда. Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2024–2025 оқу жылында 97 тыңдаушы төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша педагогтік қайта даярлау курсынан өтті:

 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
 6В01302 – Бастауыш білім
 6В01602 – Тарих және қоғамтану
 6В01707 – Орыс тілі мен әдебиеті
 6В01705 – Шетел тілдері
 6В01517 – Математика
 6В01516 – География
 6В01515 – Физика
 6В01514 – Химия
 6В01513 – Информатика
 6В01512 – Жаратылыстану
 6В01511 – Биология
 6В01406 – Музыкалық білім
 6В01405 – Көркем білім
 6В01202 – Мектепке дейінгі білім беру
 6В01102 – Психология

 Тыңдаушылар қорытынды аттестациядан сәтті өтіп, педагог мәртебесін алуға мүмкіндік алды.

 Мәжіліс депутаты Асхат Қанатұлының айтуынша:
“Мысалы, математика мамандығын игерген, бірақ педагогика бойынша диплом алмаған мамандар бар. Енді заңнамаға енгізілген өзгеріске сәйкес, математиктер педагогиканы оқытатын арнайы курстан кейін мектепте мұғалім бола алады. Осы рәсім бойынша мектепке сапалы мұғалімдерді тартамыз. Педагог болуы керек деген міндет жоқ. Басты шарт – математиканы жақсы білу.”

 Бұл мүмкіндік «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 10-бабы және ҚР БҒМ-нің №110 бұйрығына сәйкес реттеледі. Яғни, бейінді жоғары білімі бар, бірақ педагогикалық дипломы жоқ мамандар қайта даярлау курсынан өтіп, педагог болып жұмыс істей алады.

 Білім саласындағы осындай жаңашылдықтар сапалы мұғалімдер қатарын толықтырып, еліміздің білім сапасын арттыруға зор үлес қосады!