
30 мамыр 2025
Құттықтаймыз!
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттерінен құралған «Ар мен Заң» командасы «ANTIPARACRAFT-2025» республикалық антикоррупциялық квест-ойынында жүлделі ІІ орын иеленді!
Квест ойынның мақсаты- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық сананы дамытып, жемқорлыққа төзбейтін мәдениетті қалыптастыру.
Квест-ойыны бойынша 17 команда ішінен финалға өткен 11 команда арасынан топ жарып Құқық қорғау білім бағдарламасының студенттері Гүлназ Ерикова, Өтеген Аралбаев, Ақгүл Қайрекен II дәрежелі дипломмен марапатталып, 250 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Бұл жеңіс – студенттеріміздің заңға деген құрметі мен әділеттілік жолындағы белсенді ұстанымының айқын дәлелі.
Студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен биік жетістіктерге жете беріңіздер!