
16 мамыр 2025
Олимпиада
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг Агенттігі, «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясы 2025 жылғы Қаржы қауіпсіздігі бойынша Ұлттық олимпиада өткізуде.
Олимпиадаға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2–3 курс студенттері мен 1 курс магистранттары қатысты. Олар Экономика және құқық факультетінің «Қаржы және аналитика», «Есеп, аудит және бизнес-процестерді талдау», «Құқықтану», «Экономика және мемлекеттік басқару», «Менеджмент», «Маркетинг» білім бағдарламалары бойынша білім алуда.
Олимпиаданың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша «6B04103 Экономика және мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасының студенті Джумаш Данияр финалдық іріктеуден өтіп, Астана қаласында өтетін үшінші кезеңге жолдама алды.
Сондай-ақ, «6B04104 Есеп, аудит және бизнес-процестерді талдау» бағдарламасының студенті Яшкова Ангелина мен «6B04201 Құқықтану» білім бағдарламасының студенті Самат Әсем ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
1.Онлайн тестілеу;
2.40 финалисті іріктеу үшін Агенттіктің аумақтық департаменттерінің алаңында офлайн форматта эссе жазу;
3.Астана қаласында фиджитал-спорт турнир және зияткерлік ойын 10 жеңімпазды финалдық іріктеу.
3-ші турыдың жеңімпаздары 2025 жылғы 30 қыркүйектен 4 қазан аралығында Ресей Федерациясы, Красноярск қаласында орыс тілінде өтетін Олимпиаданың соңғы кезеңінде өздерін көрсете алады. Біздің студенттерімізге сәттілік тілейміз!