Media Image

15 мамыр 2025

Әскери тілшілердің Жеңіске қосқан үлесі талқыланды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті мен В.Н.Татищев атындағы Астрахань мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері әскери тілшілердің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін туралы дөңгелек үстел өткізді.
«Жеңіс – бұл біздің ортақ қазынамыз, бұрынғы Кеңес Одағының барлық халықтарын біріктірген ортақ мереке. Біз батырлардың есімін есте сақтауға және оны жас ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз», – деді В.Н.Татищев атындағы Астрахань мемлекеттік университетінің ғылыми және халықаралық қызмет жөніндегі проректоры Екатерина Пахомова құттықтау сөзінде.
Шара барысында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақ халқының фашист басқыншыларын талқандауға қосқан үлесі туралы айтып, жиналғандарды өткен мерекемен құттықтады. «1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға шақырылды. Олардың жартысынан көбі шайқас алаңынан оралмады. Біздің жауынгерлеріміз батырлық пен ерлік танытты, республиканың 1500 тұрғыны Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақ КСР-інің тылында 220 фабрика мен зауыт іске қосылды. Он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды. Біздің міндетіміз – батырлардың есімін құрметтеу, олардың ерлік пен еңбегі туралы жас ұрпаққа айту», - деді ректор Саламат Идрисов.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО кафедрасының профессоры, Халықаралық Еуразиялық телерадио академиясының академигі Мәншүк Мұқашева Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ майдан басылымдары тарихы туралы баяндама жасады.
 Атырау университетінің студенттері майдан журналистері өз материалдарында жариялаған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова және басқа да батырлардың ерліктерін атап өтіп, Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған Қазақстан публицистері мен ақындарының өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқыды.
Іс-шараны қорытындысында астрахандық және қазақстандық майдан журналистері ортақ Жеңіске үлкен үлес қосып, болашақ ұрпақ үшін осы қиын, бірақ даңқты күндердің әрбір сәтін сақтап қалғандығы айтылды.