Media Image

14 мамыр 2025

“Қазақстанның Құрметті жазушысы” атағымен құттықтаймыз!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Құрметті профессорлары, Қазақстанның Еңбек ері, әйгілі композитор Илья Жақанов, ақын-жазушы, профессор Қадыр Жүсіп, жазушы, публицист Төлеген Жаңабай “Қазақстанның Құрметті жазушысы” атағына ие болды!
Қаламгерге құрметті атақ Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан Қазақстан Жазушылар одағының “Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушылары” көшпелі пленумында салтанатты түрде табыстады.
Пленумға облыс әкімі Серік Шапкенов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және өзге аймақтардан келген ақын-жазушылар, атыраулық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті ұжымы атынан қаламгерлерді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!