
13 мамыр 2025
Музыка пәнін оқыту әдістемесі бойынша Республикалық олимпиада жеңімпаздары анықталды!
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде музыка және өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада мәресіне жетті.
Екі күнге созылған білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері қатысып, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, педагогикалық шеберліктерін және музыкалық білім деңгейлерін жан-жақты көрсете білді.
Олимпиада 2 турдан тұрды: біріншісі – музыка сабағын өткізу әдістемесі бойынша тәжірибелік кезең, ал екіншісі – теориялық білімді тексеретін тапсырмалар. Жарыс барысында қатысушылар музыкалық аспаптарда ойнау деңгейін, дауыс тазалығын көрсетті, АКТ құралдарын тиімді пайдалану арқылы тақырыптық сабақ жоспарын таныстырды. Сонымен қатар, пәнаралық интеграция, шығармашылық қабілет және сөйлеу мәдениеті де бағалау критерийлері қатарында болды.
Қазылар алқасы екі тур қорытындысы негізінде ең жоғары балл жинаған студенттерді анықтап, номинациялар мен алғыс хаттар табыс етті.
І орын – Мұханбетқалиева Кәмшат (Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті);
ІІ орын –Азенова Дильназ (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті), Нәбиева Назкен (Қазақ ұлттық қыздар университеті);
ІІІ орын – Құбайдуллаев Асылбек (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті), Адилжанова Арзыгүл (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Азим Мариям (Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз Университеті).
Алғыс хат иегерлері:
Шапағат Абдразахқызы (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті);
Елнұр Анарбаев (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті);
Зейнеп Жұмаханқызы (Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті);
Балжан Жандарбек (Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті);
Атаулы номинация иегерлері:
«Аспапта орындау шеберлігі үшін» номинациясы: Ералхан Сәкембай (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті);
«Инновациялық әдістері үшін» номинациясы: Акерке Арғынбай (Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті);
«Ерекше ұйымдастырушылық қабілеті үшін» номинациясы: Аружан Байсалды (Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті);
«Ғылыми-шығармашылық ізденісі үшін» номинациясы: Фаст Фрида (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті);
«Аспапта орындаушылық шеберлігі үшін» номинациясы: Негметолла Ешкаев (Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті).
Жабылу рәсімінде Музыка және өнер кафедрасының вокалдық ансамблі мен студенттік хоры өнер көрсетіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.