Media Image

14 мамыр 2025

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Жеңіс пен білім - жарқын болашаққа қадам» атты Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 85 жылдығына арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Экономика кафедрасы бекітілген кестеге сәйкес, өзіне жүктелген білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда:

• №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп,

• «Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты»,

• Жеке меншік «Тағылым» мектебі,

• «Атырау облысы білім басқармасының Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» білім ордаларында мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жалпы университет және экономика кафедрасы бойынша даярланатын білім беру бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар қазіргі талапкерлердің еңбек нарығындағы сұранысқа сай таңдаулары мен қызығушылықтары зерделенді.
Мектеп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ сынағында сәттілік тілей отырып, армандаған мамандықтарына қол жеткізуіне тілек білдіреміз!