Media Image

13 мамыр 2025

Атырау университетінің профессоры Түркияда өткен халықаралық симпозиумға қатысты

24–26 сәуір аралығында Түркияның Балыкесир университетінде «Әкімшілік құқық және әкімшілік юрисдикция» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. Іс-шара гибридті форматта ұйымдастырылып, «Ауыл шаруашылығы қызметі және әкімшілік құқықтағы қоршаған ортаны қорғау – стратегиялық бағыт ретінде» атты маңызды мәселеге арналды.

Аталған симпозиумға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің атынан қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Майя Мұратқызы Құлбаева қатысып, ғылыми баяндама жасады.

Баяндамада аграрлық саладағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әкімшілік-құқықтық тетіктер қарастырылып, бұл бағыттағы өзекті мәселелер мен халықаралық тәжірибелер талқыланды. Профессордың ғылыми еңбегі халықаралық қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, ауыл шаруашылығы саласындағы тұрақты даму мен құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасуға негіз болды.

Симпозиум аясында Атырау университетінің ғылыми әлеуеті мен халықаралық ынтымақтастығы жоғары деңгейде таныстырылып, болашақ бірлескен жобалар мен академиялық байланыстарды дамытуға мүмкіндік туды.

file
file