Media Image

12 мамыр 2025

ҚР ЖОО студенттері арасында XIII Жазғы Универсиада басталды

2025 жылғы 8 мамыр мен 16 маусым аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында XIII Жазғы Универсиада өтуде.

Аталған ауқымды спорт додасына Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің командасы қатысуда. Ойыншыларымыз алғашқы жарыс күнін ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақпен бастады. Жалпы есепте 7 ойын өткізіп, ұлдар тақтасынан 2 ұтыс, қыздар тақтасынан 2 ұтысқа қол жеткізді.

Атырау университетінің студенттеріне XIII Жазғы Универсиадада жарқын жеңістер тілейміз!