Media Image

25 маусым 2025

XXI ғасырдың цифрлық триггерлері

Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумын ұйымдастырды.

Форумның мақсаты – қоғамның қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Форумға білім беру, денсаулық сақтау және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Соңғы жылдардағы статистикаға сәйкес, қаржы пирамидаларының құрбандары көбіне осы сала мамандары болған.

Жиында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Зита Кенжегалиева «Финансовая пирамида: путь к богатству или разорению? (Қаржы пирамидасы: байлыққа бастар жол ма, әлде күйреу ме?)» тақырыбында баяндама жасады.

Форум қатысушылары қаржы пирамидасын қалай тануға болатыны, оның белгілері, түрлері, жұмыс істеу механизмі мен салдары туралы толыққанды ақпарат алды.

file