
20 маусым 2025
Балаларға арналған әскери-патриоттық шара өтті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасы «Отан мен абырой бәрінен биік!» атты әскери-патриоттық іс-шара өткізді.
Бүлдіршіндерді Отан сүйгіштікке тәрбиелеумен қатар, әскери дәстүрдің кейбір элементтерімен таныстырып, бойларына патриоттық сезімді ұялату мақсатында ұйымдастырылған шараға Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Жиында әскери кафедраның сарбаздары салтанатты шеру, саптық әнмен шеру және саптық тәсілдер, сонымен қатар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін бүлдіршіндердің назарларына ұсынды.
Кездесу балалардың патриоттық сезімін күшейтіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.