Media Image

9 мамыр 2025

Құттықтаймыз!

Құрметті Ғайнижамал Жайлыбайқызы!

Сізді  ерен еңбек үлгісімен өрнектелген мерейлі 65 жасыңызбен құттықтаймыз!

Сіз қадірлі де қастерлі ұстаздық мамандықты аса зор шеберлікпен меңгеріп, маңдай тер еңбегіңізді өмірдің қымбат уақыты мен адамның қажырлы еңбегін талап ететін білім, ғылым саласына арнадыңыз. Қоғамның өркендеуіне, білім, ғылымның заман талғамына сай дамып, жетілуіне кең жол ашатын білім беру, тәрбиелеу қызметіндегі ғалым-ұстаздар екендігін ескерсек, Сіз де осынау құрметті қызметке өзіндік мол үлесіңізді қоса білдіңіз. Математика ғылымының өзекті мәселелерін ғылыми және әдістемелік тұрғыдан  зерттеудегі және жас ұрпаққа  оның қиын да қызықты ғажайыптарын үйретуге қабілетті маман дайындаудағы еңбегіңіз аса зор құрметпен атап өтуге тұрарлық.

"Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет" деп Бауыржан  Момышұлы айтқандай, батыс өңірдегі осы іргелі оқу орнында нәтижелі де абыройлы еңбек үлгісін көрсетіп келесіз. Сізді ұжымдастарыңыз өмірде үлгі боларлық іс-әрекетімен де, байыпты, көркем мінезімен де, азаматтық және адами қасиеттерімен де дос-жаранның құрметіне бөленіп жүретін, өз мамандығын шебер меңгерген, ілтипатты әріптес, білім алушылар үшін  жанашыр ұстаз, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған аяулы ана, сүйікті әже ретінде біледі, құрметтейді.

Бүгінгі мерекелі шақта, қадірлі Ғайнижамал Жайлыбайқызы, Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, толымды шығармашылық табыстар тілейміз! Жанұяңызға алтын діңгегі бола білген Оңдасындай абзал азамат екеуіңіздің аялап өсірген ұрпақтарыңыз өсіп, өркендей берсін, шаңырағыңыздың шырайлы шаттығы, берекесі мен мерекесі мол болсын деген жүрек жарды тілегімізді білдіреміз!!!

 

Игі тілекпен:

Ректор Идрисов Саламат  Нұрмұханұлы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университет ұжымы

 

Атырау қаласы

9 мамыр 2025 ж.