Media Image

7 мамыр 2025

Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтті

Жеңістің 80 жылдығына арналған парад майдангерлердің ерлігіне тағзым етуді, Тәуелсіз Қазақстан армиясының бүгінгі күш-айбынын көрсетуді көздейді.
Әскери парадта «Ел қорғау – абыройлы міндет және зор жауапкершілік. Бұл – әр азаматтың перзенттік парызы. Сіздермен бірге барша азаматтарымыз Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құрып жатыр. Осы тарихи жұмысымыз табысты болсын! Рухымыз мықты, мемлекеттілігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін! Қадірлі Отандастар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты. Бүгінгі мерекеде майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Атырау облысы делегациясының құрамында Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Шахман Нағимов әскери парадқа қатысты.
“ Құрметті әріптестер! Астанадағы парадқа Атыраулық 16 ардагермен қатысудамыз. Парадты тамашалауға жиналған халық өте көп, бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі. Еліміздің әр бұрышында болсақ та, баршамыздың жүрегіміз Отан деп соғары анық. Атырау университеті ұжымына Астанадан жалынды сәлем жолдаймын!”, - деді профессор Шахман Нагимов парадтан ерекше әсерленіп.
Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.