
7 мамыр 2025
Жүсіп Қадыр Өтегенұлына "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медалі табысталды
"Ауыл" партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұртас Байжанов Атырау облысының Құрметті азаматы, филология ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті "Батыс өлке ақын-жазушыларының әдеби мұрасын зерттеу” ғылыми орталығының жетекшісі, профессор Жүсіп Қадыр Өтегенұлын Жеңіс күні қарсаңында арнайы келіп құттықтап, ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медалін тапсырды.
Қадыр Өтегенұлы соғыс кезінде бала шағынан жұмысқа араласып, жеңісті күндерді жақындатуға үлес қосқан тыл еңбек ардагері.
Ұстазымыз Қадыр Өтегенұлын осы атаулы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмар тілейміз!