Media Image

6 мамыр 2025

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – елге серт» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Университеттің нәзікжандылар қауымының ұйымдастыруымен өткен шарада профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Іс-шара университет ректоры Саламат Идрисовтың құттықтау сөзімен ашып, ол барша ер азаматтарды мерекемен құттықтап, олардың оқу ордасындағы еңбегіне зор алғыс білдірді.
Концерт барысында әр факультеттің студенттері мен оқытушылары өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер мен көріністер, әсерлі поэзия және ұлттық билер шеруін көрсетті. Ардагер ұстаздардан құралған «Ғылым-әуен» ансамблінің орындауындағы әндер мен би номерлері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік шарада жастар Отан қорғаушыларға деген құрметін түрлі қойылымдар арқылы жеткізді. Әсіресе, соғыс кезіндегі сарбаздар бейнесін сомдаған көріністер мен поэзиялық композициялар көпшіліктің көңілін толқытты.
Шара соңында барлық қатысушылар бірлесіп патриоттық ән орындап, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.