
6 мамыр 2025
Университет өкілдері ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің арнайы марапаттарын иеленді!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өкілдері «Қаржы қауіпсіздігі бойынша Ұлттық Олимпиада» шеңберінде ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде марапатталды.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисовке қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтарды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.
Қаржылық қауіпсіздік бойынша дәрістер ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін Атырау университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Чукуров пен қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі Зита Кенжегалиева ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар Зита Кенжегалиеваға қаржылық қауіпсіздік сабақтары бойынша «Үздік лектор» номинациясында V орын, «Қаржылық қауыпсіздік туралы» дәрістер оқуда ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің «ҚР бойынша үздік 5 лекторы» атағын иеленгені үшін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының арнайы дипломы мен ақшалай сыйақы табысталды.