
4 мамыр 2025
Футзалдан қыздар командасы III орынды жеңіп алды
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің қыздар командасы Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында өткен футзалдан студент қыздар лигасында жүлделі III орынды жеңіп алды.
Команда жаттықтрушысы Инновациялық білім беру факультетінің дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Райгул Хамзина қыздар футзал командасын дайындағаны үшін "Үздік Бапкер" номинациясына ие болды.
Команда жетекшісі дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушы Ғалия Салменова.
Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Спорттағы биік белестер мен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!