Media Image

3 мамыр 2025

Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен Атырау облысының ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Мәжілістің күн тәртібіне сай Атырау облысы бойынша ғылыми-техникалық кеңестің жаңа құрамын бекіту, Атырау облысының бюджетінен қаржыландыруға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды конкурстық іріктеу және конкурс комиссиясы туралы ережені бекіту мәселесі қаралды.
Сонымен қатар ұсынылған бірқатар ғылыми жобалар талқыланды.
Ғылыми жобалар өңірдің экологиялық ахуалына, өндірістік ағынды суларды тазартудың жаңа әдістері, күкіртті кәдеге жарату, ауыл шаруашылығы тақырыптарын қамтыды.
Бұл ғылыми -техникалық кеңес өңірде ғылымды қолдау және ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізуді, ғылыми табысты коммерцияландыруда іске асыруды көздейді.
Ғылыми-техникалық кеңес құрамына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры және бірқатар ғалымдары мүше болды.
Сондай-ақ университет ғалымдары ұсынған екі жоба бойынша оң пікір жасалып, қаржыландыруға ұсынылатын болды.