
3 мамыр 2025
«KHALEL GRAND CUP – 2025»
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 85 жылдығына орай әрі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыралатын Атырау облысына қарасты аудан және ауыл мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған облыстық «KHALEL GRAND CUP – 2025» пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты — жас буынды қоғамдағы өзекті мәселелерді талдауға үйрету, пікірсайыс мәдениетін дамыту және оқушыларға университет грантын жеңіп алу мүмкіндігін ұсыну.
Турнирдің ашылу салтанатында Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. «Аталған турнир - мектепте алған білімдеріңіз бен өздеріңнің сыни ойлау қабілеттеріңіз, шығармашылықтарыңыз бен дүниетанымдарыңызды көрсететін үлкен шара. Пікірсайыс турнирін ұйымдастырудағы басты мақсаттардың бірі - Атырау университетінің білім грантын облыстың оқушыларына ұсыну. Сонымен қатар пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру арқылы оқушылардың ораторлық сөйлеу қабілеттерін дамытуына жол ашу керек», - деді ректор Саламат Идрисов.
Турнирге облыстың 7 ауданынан 16 команда қатысты:
• Исатай ауданы: «Рух»;
• Мақат ауданы: «Ойдармандар», «Парасат»;
• Құрманғазы ауданы: «Ақиқат», «Болашақ», «Дарабоз», «Бірлік»;
• Индер ауданы: «Желтоқсан», «Жас қырандар», «Жігер»;
• Қызылқоға ауданы: «Жігер»;
• Махамбет ауданы: «Шырақ»;
• Жылыой ауданы: «Шаңырақ», «Алаш», «Самғау», «Әділет».
Пікірсайыс турнирі Британдық (BP) және Американдық парламенттік (APF) форматтарында өтіп, жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар жеке спикерлік ұпайлар арқылы Линкольн-Дуглас форматында "Үздік спикер" анықталды.
І орын – «Жігер» фракциясы Мұса Айдос, Берікқызы Ақгүл (Қызылқоға ауданы, Мұқыр орта мектебі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің толық білім гранты (екі қатысушыға жеке));
ІІ орын – «Желтоқсан» фракциясы Катапов Мұрат, Ерболатқызы Кәусар (Индер ауданы, Жамбыл атындағы орта мектеп, оқу ақысына 50% жеңілдік);
ІІІ орын – «Ақиқат» фракциясы Жолмухамбетова Нұрай, Рахметқызы Жұлдызай (Құрманғазы ауданы, Еңбекші жалпы орта мектебі, оқу ақысына 30% жеңілдік);
"Үздік спикер" – Ертайқызы Жансая (Жылыой ауданы №3мектеп, оқу ақысына 50% жеңілдік);
“Үздік төреші”: Исмуханов Даурен.