Алтынбасов Бахыт Омирханович

30.10.2025 406

Алтынбасов Бахыт Өмірханович
Білім саласын басқару бойынша PhD докторы (Бристоль университеті, Ұлыбритания),
Жоғары білім берудегі көшбасшылық, саясат және басқару мамандығы бойынша.
заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қазақстан Республикасының «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік грантының иегері
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері
Туған күні: 22.08.1975
Отбасылық жағдайы: Үйленген (3 бала)
Телефон: +7 778 495 2696, +44 770 760 25 27
Email: altynbasov@yandex.ru, B.Altynbassov@asu.edu.kz

Еңбек өтілі
2015–2025 жж. – қауымдастырылған профессор, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2012–2015 жж. – академик С. Зиманов атындағы Білім беру заңнамасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2010–2012 жж. – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2009–2010 жж. – ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2006–2009 жж. – халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы.
2004–2006 жж. – көлік-кеден қызметін құқықтық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Алматы.
2002–2004 жж. – мемлекет және құқық пәндері кафедрасының оқытушысы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз.

Білімі
2019–2024 жж. – Бристоль университетінің (Ұлыбритания) білім беру саласындағы басқару бойынша докторантурасы. Диссертация тақырыбы: Қазақстанның мемлекеттік университеттерін корпоративтік басқару тәсілін енгізу арқылы трансформациялау: элиталық интервью негізіндегі зерттеу әдісі.
2016 ж. – ҚР БҒМ қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
2008 ж. – ҚР БҒМ заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2001–2002 жж. – құқық магистрі, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы, Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Алматы.
1998–2001 жж. – юриспруденция мамандығы, үздік диплом, күндізгі бөлім, Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Алматы.
1993–1998 жж. – бухгалтерлік есеп және аудит, үздік диплом, күндізгі бөлім, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз.

Курстар мен тренингтер
•    «Ғылым мен білім берудегі жасанды интеллект» – 72 академиялық сағат, 2025 жыл, Астана, Қазақстан.
•    Хельсинки университеті, Хельсинки, Финляндия, 2015 ж.
•    Варшава университеті, Варшава, Польша, 2014 ж.
•    Шығыс Жерорта университеті, Газимагуса, Кипр, 2013 ж.
•    Донецк ұлттық университеті, Донецк, Украина, 2013 ж.
•    БҰҰ штаб-пәтеріндегі тренинг, Женева, Швейцария, 2012 ж.
•    Ресей халықтар достығы университетінде тағылымдама, Мәскеу, Ресей, 2012 ж.
•    Адам құқықтары жөніндегі Венециялық жазғы семинар, Венеция, Италия, 2012 ж.

Қосымша ақпарат
•    «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік грантының иегері.
•    Ғылыми жоба жетекшісі: «Университеттерді ұлт жоспарын іске асыру мақсатында коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналдырудың құқықтық аспектілері», 2018–2020 жж. Грант сомасы – 20 000 000 теңге.
•    Бас ғылыми қызметкер: «Адам құқықтары және еуразияшылдық», 2015–2017 жж. Грант сомасы – 10 000 000 теңге.
•    Ғылыми жоба жетекшісі: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жолдары», 2012–2014 жж. Жалпы грант – 30 000 АҚШ доллары.
•    Бас ғылыми қызметкер: «Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің мемлекеттік-құқықтық негіздері және олардың жаһандану жағдайындағы мемлекеттік басқару саласына ықпалы», 2010 ж. Грант сомасы – 35 000 АҚШ доллары.

Мүшелік
•    Бристоль университеті Әлеуметтік ғылымдар және құқық факультетінің Centre for Higher Education Transformatioins  ғылыми орталығының тұрақты мүшесі.
•    Scopus және Web of Science базаларына кіретін екі журналдың редакциялық алқасының мүшесі.
•    2011–2017 жж. аралығында ҚР БҒМ гранттық және іргелі зерттеулердің сапасын бағалау жөніндегі сараптамалық комиссиясының төрағасы және мүшесі.
•    Түркі әлемі заңгерлерінің халықаралық қауымдастығының мүшесі.
•    Қазақстан заңгерлер қауымдастығының мүшесі.
•    ҚР БҒМ-нің қазақстандық оқулықтардың сапасын бағалау жөніндегі сараптамалық комиссиясының мүшесі.

Ғылыми зерттеу саласы
Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, білім беру құқығы теориясы, жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару, білім беру жүйесін мемлекеттік басқару мәселелері, заң ғылымдары мен гуманитарлық пәндердегі эмпирикалық зерттеу әдістерін қолдану.

Ғылыми жарияланымдар
135-тен астам ғылыми және оқу еңбектерінің авторы.
Оның ішінде: 6 монография, ҚР БҒМ грифімен 4 оқулық, 2 оқу құралы, Scopus және Web of Science базаларындағы 10 мақала, ККСОН журналдарында шамамен 30 мақала
Scopus базасы бойынша Хирш индексі – 6, Google Scholar – 8.