Ғылыми кеңес

29.10.2025 119

Ғылыми кеңес – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми және оқу-әдістемелік қызметін үйлестіретін алқалы басқарушы орган. Кеңес университеттің даму стратегиясын, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағыттарын айқындау, кадр саясаты мен ғылыми дәрежелерге ұсыну мәселелерін қарастырады. Кеңес құрамында 29 мүше бар.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

Ғылыми кеңес – сайланбалы алқалы орган.

Университет жарғысымен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қоғам органдарының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарастыру барысында осы мәселелер бойынша қабылданған шешімдер ұсынымдық сипатта болып есептеледі.

Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 жыл.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін, Қоғамның жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңесті Басқарма төрағасы – университет ректоры басқарады.

Ғылыми кеңестің дербес құрамы Басқарма төрағасы - ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Өз құзыреті шегінде Ғылыми кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1.   ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;

2.   оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективтік жоспарын қарастыру;

3.   профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;

4.   ішкі тәртіп ережелерін қарастыру және бекіту;

5.   оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

6.   университеттің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;

7.   университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешім қабылдау;

8.   өткен оқу жылындағы университет қызметінің қорытындысын шығару;

9.   Қоғамның оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерді мерзімді қарастыру;

10.               Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарастыру;

11.               Қоғам басқармасының бекітуі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қарастыру;

12.               Қоғам қызметімен байланысты және алқалық шешімді талап ететін басқа да мәселелерді қарастыру.

Ғылыми кеңестің отырысы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, айына бір рет өткізіледі.

Қажеттілікке қарай Ғылыми кеңестің отырысы жоспардан тыс өткізіледі.

Ғылыми кеңесте талқыланатын мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, тәжірибені қорыту және кеңес жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін оның мүшелері қатарынан Басқарма төрағасының – Қоғам ректорының бұйрығымен үш жыл мерзімге ғалым хатшы тағайындалады.

Ғылыми кеңестің отырыстарына материалдарды уақтылы және сапалы дайындау және Ғылыми кеңестің іс қағаздарын жүргізу жауапкершілігі ғалым хатшыға жүктеледі. 

              Нуртилеуова Жаннат Асылбекқызы,

              Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы,

                   Телефон: 27-63-15  + 7 702 162 98 07  
                e-mail:  zh.nurtileuova@asu.edu.kz