Серіктестікті кеңейту: Қарақалпақ мемлекеттік университетімен онлайн-кездесу

28.10.2025 23

Бүгін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Қарақалпақ мемлекеттік университеті арасында онлайн-кездесу өтті.

Кездесуге стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Бақыт Өмірханович Алтынбасов пен Қарақалпақ мемлекеттік университетінің проректоры Тимур Ұзақбергенұлы Нұрымбетов қатысты.

Кездесу барысында тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлық және қос дипломды бағдарламаларды жүзеге асыру, профессор-оқытушылар құрамының өзара алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар бірлескен ғылыми мақалалар жариялау, халықаралық конференцияларға қатысу және академиялық байланыстарды кеңейту мәселелері қарастырылды.

Алдағы уақытта факультет декандарымен жеке кездесу өткізіліп, ынтымақтастықты тереңдету және нақты бағыттарын айқындау жоспарлануда.