2021

28.10.2025 229

15.01.2021 ж.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1 хаттамасының шешіміне сәйкес: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі - әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры лауазымына п.ғ.к, қауымдастырылған профессор Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы сайланды
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры лауазымына PhD Батрышев Дидар Ғалымұлы сайланды
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі - бас бухгалтер лауазымына Исмағамбетова Роза Жолдасқалиқызы сайланды

07.04.2021 ж.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-нің Жалғыз акционері Білім және ғылым Министрлігінің 2021 жылдың 7 сәуірдегі №152 бұйрығы бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы 2021 жылдың 31 наурыздағы №151 шарттың негізінде Қоғамның 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын «Жаңа аудит» ЖШС айқындалды.

19.04.2021 ж.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-ның 100% акциясын иеленетін және пайдаланатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.04.2021 жылғы № 171 бұйрығымен коммерциялық емес акционерлік қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы корпоративтік басқару Кодексі бекітілді.

14.06.2021 ж.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-нің Жалғыз акционердің 2021 жылғы 14 маусымдағы №287 бұйрығымен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ-тың 2020 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.

30.06.2021 ж

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 30.06.2021 жылғы шешімімен (№6 хаттама) «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Дидар Ғалымұлы Батрышевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

16.07.2021 ж.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-ның 100% акциясын иеленетін және пайдаланатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 346 бұйрығымен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 171 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексінде: 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Корпоративті басқару кодексі (бұдан әрі – Кодекс) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Қоғам) өз қызметі барысында Қоғам ішіндегі және басқа да мүдделі адамдармен қатынастарда басшылыққа алатын ережелер жиынтығы болып табылады. Кодекс – «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар кіреді.  Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адамнан тұрады. Қоғамның Директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс. Қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін Жалғыз акционерге әділ қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін тәуелсіз директорлардың саны жеткілікті болуы тиіс. Директорлар кеңесінің құрамы гендерлік теңгерімді сақтауы тиіс.Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері Қоғамды басқару немесе оның меншігі объективті ойлауды жүзеге асыруға кауіп төндіруі мүмкін қандай-да бір материалдық мүдделерге немесе қатынастарға байланыссыз болып табылады.Тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсіби дербестілікке ие, жекелеген акционерлердің, атқарушы органның және өзге де мүдделі тараптардық ықпалынан еркін адам тәуелсіз директор болып танылады. Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғам Жарғысына сәйкес белгіленеді.Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелерді (қаржылық және қаржылық емес есептілікті дайындау, оған қатысты мүдделілік бар мәмілелерді жасау, Басқарма құрамына үміткерлерді жылжыту, Басқарма мүшелеріне сыйақы белгілеу) талқылауға белсенді түрде қатысады. Тәуелсіз директорларды Директорлар кеңесінің негізгі – аудит, тағайындау және сыйақылар комитеттерінің төрағалары сайлайды, басқа комитеттерде олар төраға ретінде сайланады.Тәуелсіз директор тәуелсіздік мәртебесінің жоғалту ықтималдығын және мұндай жағдайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасына алдын-ала хабарландыруды қадағалайды. Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне ықпал ететін мән-жайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасы дереу осы ақпаратты тиісті шешім қабылдау үшін акционерлердің назарына жеткізеді». Мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын: «56-1. Директорлар кеңесінің мүшелері – тәуелсіз директорлармен шартты Басқарма Төрағасы – Ректор (Президент – Ректор) жасайды».

05.11.2021 ж.

«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №9 хаттамасының шешіміне сәйкес «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі - ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры лауазымына PhD Айбульдинов Еламан Қанатұлы сайланды.

31.12.2021 ж.

«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Жалғыз акционерінің 2021 жылдың 31 желтоқсандағы № 628 бұйрығымен «Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 408 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамында: «Тойбаев Әділет Жүнісұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Әмірбекұлы Ержан - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары».