2020
24.06.2020 ж.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 қандағы №752 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарыныңкейбір мәселелері туралы»Қаулысы, ҚР Қаржы министрлігіМемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (әрі қарай – ҚР ҚМ ММЖЖ)2020 жылғы 2 маусымдағы №344 ««Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» бұйрығы негізінде 2020 жылғы 24 маусымда «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылықжүргізуге құқылы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта ұйымдастыру жолымен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгерді.
24.07.2020 ж.
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасының қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінде «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ-тың жарияланған акцияларын шығару мемлекеттік тіркелгені жөнінде хабарлайды. Бұл туралы 24.08.2020 күнгі № KZ70VGZ00000293 Мемлекеттік тіркеу туралыкуәлік берілді. Шығарылым 3 899 617 (үш миллион сегіз жүз тоқсан тоғыз мың алты жүз он жеті) қарапайым акцияларға бөлініп, оларға (код ISIN) KZ46VZE00000137 номерлі халықаралық сәйкестендіру номері берілді. Бір акцияның номиналдық құны 1000 (бір мың) теңге.
23.09.2020 ж.
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Қоғамның 100% акциялар пакетіне иелік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған келесі шешімі туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 23.09.2020 күнгі №408 ««Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 6 (алты) мүшеден тұратын құрамы белгіленді.
Директорлар кеңесі құрамына кіргендер:
1. Тойбаев Әділет Жүнісұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департамент директоры;
2.Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тәуелсіз директор (келісім бойынша);
3. Иванова Анна Олеговна - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы (келісім бойынша);
4. Есенғалиев Сатқан Ыбрайұлы - Атырау облысының білім басқармасының басшысы (келісім бойынша);
5.Сапарбекова Эльвира Қалмаханқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласын бақылау басқармасының басшысы (келісім бойынша);
6.Нұрмұканов Елдар Айтқалиұлы - QAZ PROTECTORS техникалық директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).
30.09.2020 ж.
Директорлар кеңесінің 30.09.2020 күнгі шешіміне (№1 хаттама) сәйкес, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департамент директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы сайланды.
30.09.2020 ж.
Директорлар кеңесінің 30.09.2020 күнгі шешіміне (№1 хаттама) сәйкес, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып Мусаева Айман Амангелдіқызы тағайындалды.
05.10.2020 ж.
Директорлар кеңесінің 30.09.2020 күнгі шешіміне (№1 хаттама) сәйкес, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-Ректоры лауазымынаконкурс жарияланды.
25.12.2020 ж.
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №4 хаттамасының шешіміне сәйкес «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма мүшелері - әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, бас бухгалтер қызметтеріне конкурс жарияланды.
28.12.2020 ж.
Жалғыз акционердің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №170-ЖҚ бұйрығымен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры лауазымына п. ғ. к., қауымдастырылған профессор Идрисов Саламат Нурмуханович тағайындалды.
29.12.2020 ж.
Жалғыз акционердің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №554 бұйрығымен "ҚР БҒМ 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №408 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің құрамына «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректор Идрисов Саламат Нұрмұханұлы енгізілді