Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесі

27.05.2025 375

Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесі

Миссия: Оқу процесін жетілдіру және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, оқытушылар мен студенттердің сапасын арттыру мақсатында халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу.
Мақсат: Жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған білім және ғылымның жетекші орталықтарының бірі ретінде қызмет атқаратын АУ-ның халықаралық және университеттер арасындағы қатынастарды дамыту бойынша іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру.

 

Міндеттері:

  • Оқу-білім саласында Атырау университетінің халықаралық байланысын үйлестіру;
  • Халықаралық бағдарламалар;
  • Интернационализация;
  • Халықаралық тағылымдама, конференциялар;
  • Шетелдік ғалым шақыру;
  • Көптілді саясат;
  • Қос диплом бағдарламасы;
  • Шетелдік білімгерлерді тарту;
  • Халықаралық форумдар, шетелдегі білім форумдарында университетті таныстыру;

 

Құрметті достар!

Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесінің ұжымы сіздерге оқуда табыс, шығармашылық шабыт тілейді. Сіздердің Атырау университетін таңдағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз және университетімізді, сондай-ақ Қазақстан Республикасын жақсырақ тануға көмектесуге әрдайым дайынбыз.

Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесі – университет пен шетелдік серіктестер арасындағы маңызды байланыс көзі болып табылады. Кеңсе академиялық ұтқырлықты үйлестіреді, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларына қатысуға жәрдемдеседі, тағылымдамалар мен конференциялар ұйымдастырады, сондай-ақ шетелдік ғалымдарды шақыру жұмыстарын жүзеге асырады. Біздің команда әрдайым ынтымақтастыққа ашық және жаңа академиялық әрі мәдени ортаға бейімделу барысында сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Атырау университетінің халықаралық кеңсесіне қош келдіңіздер!