Ұстаз мектебі
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернаты
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернаты - елімізде аналогы жоқ, ер балаларға арналған мектеп-интернаты.
Бұл білім ошағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ басқарма төрағасы-ректор Идрисов Саламат Нұрмұханұлының бастамасымен облыстағы шалғай елді мекендер мен ауылдардың дарынды ер балаларына арналған "Ұстаз " мектеп-интернаты болып ашылды.
2021 жылы Мектеп оқушыларын алғаш рет қабылдады. Мектепке 9-сыныптан кейін қабылданады. Үздік аттестат иегерлері емтихансыз, әңгімелесу арқылы қабылданады. Әңгімелесуді 11-сыныптың оқушылары қабылдайды және емтихан барысына өздері кезекшілік етеді. Тапсыратын емтихандар: жаратылыстану (физика, химия, математика, биология) және қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих) бағыттар бойынша жазбаша, яғни тестілеу түрінде, 2-турда қазақ тілінен эссе, 3-турда әңгімелесу болады. Мектептің республиканың білім кеңістігінде өзіндік орны бар білім ордасына айналып отыр.
«Ұстаз» мектеп-интернатының бірден–бір мақсаты: Атырау өңіріндегі білім саласындағы кадр тапшылығын жою, білім сапасын арттыру, ер балаларды мектеп жасынан мұғалімдік мамандыққа қызығушылықты арттыру, ұлттық педагогикамызда ерлердің маңыздылығын арттыру арқылы үлкен мақсатқа қол жеткізу.
Атырау университетінің базасында оқу-зертханалық сабақтар, спорттық үйірмелер, тәрбиелік шаралар бірлесе өткізіледі, оқу толықтай тегін, заманауи жабдықталған жатақхана, 5 мезгіл тамақтанумен қамтылған. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қосымша тегін дайындайды. Мектепте педагог мамандығын дәріптеу мақсатында көптеген ісшаралар ұйымдастырылады. Мектеп түлектерімен тығыз байланыс орнатылған.
2021-2022 оқу жылында 38 оқушы мектепті бітірді, оның ішінде 8 оқушы алтын белгі иегері, 2 оқушы үздік аттестат иегері. Бітіруші 38 түлектің 24-і мемлекеттік грантты иеленді, бұл 63%-ды құрайды, педагогикалық мамандыққа түскендер 30 түлек, оның ішінде грантқа түскен 20 түлек. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін таңдаған түлектер саны-16, оның ішінде 6 оқушы грант иегері, 10 түлек ақылы.
2022-2023 оқу жылы 35 түлек мектеп бітірді. Осы оқу жылында 2 оқушы республикалық олимпиадада бас жүлде («Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауынан Исаш Бексұлтан) мен 3-орынды (тарихтан олимпиадада Мажит Рашид) иеленіп, облыстың намысын қорғады. Сонымен қатар, «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде 4 оқушы 1 және 3-орындарды және облыстық жарыстарда 12 оқушы 1,2,3 орындарды иеленіп, 11 оқушыға алғыс хаттар тапсырылды.
2023 жылы мектепті бітірген 35 оқушының 30-ы (85,7%) білім гранты иегері атанып отыр. Оның 21-і (17-сі грант, 4-ақылы) педагог мамандыққа түсті. 2023 жылды Алтын белгімен бітірген бір оқушы болды: Амандық Тоғызбайұлы, қазіргі таңда Сүлеймен Демирель университетінің студенті, грант иегері, болашақ тарих пәнінің мұғалімі. Амандық Тоғызбайұлын мақтап, мектепте алған білімі мен тәрбиелілігі үшін Сүлеймен Демирель университетінің ректорының атынан «Ұстаз» мектебіне алғыс хат жолданған.
Бір оқушы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне грантқа тарих мамандығы бойынша оқуға түскен Әлішер Егізбай тарихшылардың туын ұстап көтеру және барша студенттердің атынан Университеттің мінбесінен сөз сөйлеу мәртебесіне ие болды.
Жыл сайын мектеп түлектерінің республикамыздағы ең беделді 9 жоғары оқу орнына түсті:
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ);
- Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті;
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау универсиеті;
- С. Демирел атындағы университеті;
- Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
- Астана халықаралық университеті;
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Жыл сайын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне педагог мамандықтарына ақылы түрде түскен түлектерге басқарма шешімен оқу ақысына 50% жеңілдіктер беріліп отыр. 2023-2024 оқу жылына ақылыға түскен 3 түлекке 50% жеңілдік берілді.
2023-2024 оқу жылындағы контингент 85.
2023-2024 оқу жылында облыстық олимпиада 5 оқушы (Төлегенов Ислам-2 орын, Құлжан Өркен-2-орын, Жанәліұлы Аят-3-орын, Мажит Рашид -2 орын, Исаш Бексұлтан-3 орын) 2,3-орындарды иеленді. Мақсот Айназар жаратылыстану-математика пәндері бойынша 16 президенттік олимпиаданың 1 кезеңде (өңірлік) 2-орынды, «Эссе жазу», «Көркемсөз оқу», «Менің кіші Отанымның болашағы», «Ұлы арман», «Біз неткен ер, неткен ер?...», «Ел құтқарар ер едім...» жарыстардың облыстық кезеңдерінде 1-3 орынды 7 оқушы иеленді. «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық сайыстағы қайым айтыста Айболат Айбек 2-орынды иеленді.
Машит Рашид тарих пәнінен республикалық олимпиадада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 45 оқушының арасынан 2-орынды иеленді.
2024 жылы 42 түлектің ішіннен 2 оқушы Алтын белгі, 4 оқушы Үздік аттестатпен мектепті аяқтады.
ҰБТ орташа баллы:
100-ден жоғары балл алған оқушы саны:
Бітірген бала саны: 42, оның ішінде 40 оқушы грантқа тапсырып, 37-сі мемлекеттік грантты, 1 оқушымыз Әкім грантын, 1 оқушы ректордың 50% жеңілдігін иеленді. Бұл 92,5% құрайды. Оның ішінде педагогикалық мамандыққа түскендер саны: 24, грант 22.
Алтын белгі:
1. Құлжан Өркен
2. Өмірзақ Жігер
Үздік аттестат:
1. Исаш Бексұлтан
2. Мақсот Айназар
3. Кәрім Сұлтан
4. Мұхамбетқали Бақберген
Осы оқушылардың ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдігін таңдап отырған Исаш Бексұлтан ҰБТ-дан 131 балл жинады.
Жалпы саны «Ұстаз» мектебінің оқушылары облыстық сайыстарда 26 –орынды оқушы 2-3 орындарды иеленді:
1. Облыстық «Ақберен» өнер байқауы- 5 оқушы
2. Облыстық «Махамбет оқулары»- 4
3. «Менің кіші отаным» облыстық сайыста- 2
4. Облыстық «Мұқағали Мақатаев оқулары» -1
5. Облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқулары»- 4
6. Облыстық «Жарқын болашақ» қазақ тілінен олимпиада- 3
7. «Жыл алыбы-Жамбыл» сайыста -1 оқушы
8. Облыстық пән олимпиадасы – 5 оқушы
9. Х.Досмұхамедов пәндік олимпиадасы- 5
10. Президенттік олимпиада -1
11. Облыстық “Қ.Сәтпаев және бүгінгі Қазақстан” тақырыбындағы шығармалар конкурсы - 2 Алғыс хат
Мектебіміздің ең мақтаныштары 2024 жылдың түлектері 2023 жылы Исаш Бексұлтан «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық сайыста гран приді алса, 2024 жылы Машит Рашид тарих пәнінен республикалық олимпиадада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 45 оқушының арасынан 2-орынды иеленді.
Айта кететін тағы бір жайт, ашылғаны кеше болса да, өзінің орнын алған мектеп болды. Оған куә: Мектептің 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша облысымыздағы дарынды балаларға арналған мектептердің ішінен 3-орынды иеленуі.