
"Ориентир" - «Прикаспийская коммуна» газеті сұхбат жариялады.
Өсіп келе жатқан ұрпақты білім беру мен тәрбиелеу мәселелері әрдайым мемлекеттің назарында. Елдің Негізгі құжаты – Конституцияның 30-бабында былай деп көрсетілген: «Азаматтарға тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Сондай-ақ жоғары білімді конкурстық негізде тегін алуға да, жоғары оқу орындарында ақылы негізде алуға да мүмкіндік бар. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары белгіленеді».
Конституция күні мен Білім күні қарсаңында «ПК» газетінің тілшілері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты Саламат Идрисовке бірнеше сұрақ қойып, Негізгі заңда көзделген құқықтардың жоғары білім беру саласында қалай жүзеге асып жатқанын білуге тырысты.