Ғылыми - зерттеу қызметінің мониторингін дамыту бөлімі
Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бөлімі
Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бөлімі (ҒЗҚД бөлімі) университеттің ғылым департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, АтУ Жарғысы негізінде жұмыс істейді және өзінің тәжірибелік жұмысында ректордың бұйрықтары мен бөлім туралы Ережені басшылыққа алады.
ҒЗҚД бөлімі оқу үдерісімен тығыз байланыста бола отырып, іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық, технологиялық жұмыстарды үйлестіруді жүргізеді. ҒЗҚД бөлімі қызметінің негізгі ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық мәселелерін АтУ ғылыми және ғылыми-техникалық кеңесінде қарастырылады.
ҒЗҚД бөлімінің негізгі міндеттері:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде білікті мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, АтУ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;
- АтУ ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау;
- білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру және бақылау;
- Халықаралық, ЖОО аралық және ведомствоаралық ғылыми байланыстарды, ЖОО және академиялық ғылымды интеграциялауды жақсартуға жәрдемдесу.
ҒЗҚД бөлімі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес және тиімді ғылыми қызметті ұйымдастыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- мамандарды даярлаудың қажетті деңгейін, ғылымды, білім беруді және жоғары техникалық деңгейдегі өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ету үшін университеттің ғылыми әлеуетін пайдалану;
- факультеттер қызметінің негізгі бағыттарына және мамандарды даярлау бейініне сәйкес университеттің ғылыми-зерттеу, көркемдік-шығармашылық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- іргелі зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелерді жүргізуге университеттің ҒЗЖ тақырыптық жоспарын қалыптастыру;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті ғылыми және техникалық міндеттерін табысты шешуге жәрдемдесу;
- оқу ұрдісінде ҒЗЖ нәтижелерін белсенді пайдалану арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттерді ҒЗЖ орындауға кеңінен тарту;
- әзірлеушілерге өздері әзірлеген өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеуде (өнертабыстарға патент беруге өтінімдер жасауда, өтініштер дайындауда және т. б.) және зияткерлік меншікте әдістемелік көмек көрсету;
- факультеттердің жұмысын ұйымдастыру, ғылыми қызметін бақылау және талдау, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, ҒЗЖ бойынша жартыжылдық және жылдық есептерді жасау;
- ғылыми зерттеулер жүргізу үшін эксперименттік-өндірістік базаны кеңейту мен дамыту, ғылыми-техникалық өнімдерді, сондай-ақ оқу зертханаларын құру үшін жағдайлар жасау;
- өнертабыстар деп танылуы мүмкін техникалық шешімдер туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жария етілуіне жол бермеу мақсатында ашық жариялауға дайындалған материалдарды сараптауға қатысу.