Media Image
08.09.2025 80

Ректор: Президенттің мақсаты – Қазақстанды цифрлық елге айналдыру

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор С.Идрисов Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған дәтсүрлі жолдауына қатысты ой-пікірін әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті. 

🇰🇿 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы

Биылғы Жолдау ел дамуы үшін стратегиялық маңызы зор бағыттарды қамтыды. Соның ішінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

🧑‍💻 Мемлекет басшысы ЖИ негізінде «Қазақ Digital» мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуді ұсынып, ауылдық жерлердегі оқушыларға сапалы білім алуға жол ашатын жаңа мүмкіндіктерге назар аударды.

🎓 Білім және ғылым саласының алдында тұрған міндеттер:

• ұстаздар ЖИ технологиясын жете меңгеруі;

• техникалық кадрларды көптеп даярлау;

• шетелдегі білікті мамандарды елге қайтару.

🏫 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Батыс өңірде «AI-Sana» жобасын жүзеге асырып, бұл бағытта жетекші серіктес болып келеді.

✅ Жетістіктер:

• 4500+ студент «Basics AI: AI Overview» және «Search and AI» курстарын аяқтады;

• 3500 студент халықаралық сертификат алды;

• Huawei ICT Academy-де мәтін тану, бейнебақылау, нейрожелілер бойынша тәжірибе жинақтауда;

• Барлық білім беру бағдарламаларына ЖИ пәндері енгізілді;

• LIBAU AI интеллектуалды ассистенті, онлайн кітапхана, МООК жазу орталығы және ғылыми-зерттеу жобалары іске асуда.

📡 Жолдауда айтылған тағы бір маңызды бастама – Жасанды интеллект және цифрлы даму министрлігінің құрылуы.

Оны премьер-министр деңгейіндегі тұлға басқаруы мүмкін.

🏛️ Сонымен қатар, бір палаталы Парламент құру бастамасы көтерілді.

Бұл саяси шешім қоғам мен Парламентте жан-жақты талқыланып, 2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы шешілмек.

📊 Президенттің басты мақсаты – алдағы үш жылда Қазақстанды цифрлық елге айналдыру.

Бұл үшін:

• Цифрлық кодекс қабылданады;

• Мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырады;

• Ашықтық, тиімділік және адамға бағытталу деңгейі бірнеше есе артады.

✨ Бүгінгі әрбір қадам – баянды болашақ үшін!

Қазақстанның Жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа кезеңі басталды.

#Жолдау2025

#Послание2025

#ЖасандыИнтеллектДәуіріндегіҚазақстан

#DigitalKazakhstan

file