Media Image
30.08.2025 46

Жұмысшы мамандар марапатталды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қызметкерлері қатарында жұмысшы мамандар еңбек етеді. 30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай өткен мерекелік іс-шарада жұмысшы мамандар Басқарма төрағасы-ректор С.Идрисовтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» атап өткеніндей Атырау университетіде оқу орынының инфрақұрылымын дамытудаға үлес қосқан қарапайым жұмысшыларды ұдайы қолдап, еңбектеріне лайықты бағасын беріп келеді. Мереке қарасаңында Атырау университетінің қызметкері, бас оқу ғимаратының жұмысшысы Жәнібек Есенгалиев, №1 оқу ғимаратының жұмысшысы Исин Ахмет, №1 оқу ғимаратының еден жуушысы Фарида Несипаева, бас оқу ғимаратының еден жуушысы Рыскул Нурбосинова, №3 оқу ғимаратының еден жуушысы Разия Кенжегалиева, №1 Студенттер үйінің еден жуушысы Гүлзада Хасенова, жұмысшы Азамат Қонаров, күзетші Қасым Такашовка алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, салтанатты шарада әскери кафедра әдіскері Гульжанар Жумашева,  Біліктілікті арттыру және қайта даярлау офисінің маманы Ажар Медетова, Жастар саясаты департаментінің маманы Жансая Сабыргалиева да алғыс хатпен марапатталды.

Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

file
file
file
file