Media Image
29.08.2025 45

Атырау университеті мен Батыс аймағының әскери прокуратурасы ынтымақтастық орнатты

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Батыс аймағының әскери прокуратурасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы–ректор Саламат Идрисов Батыс аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Касен Рахматулинмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты әріптестікті дамыту мәселелері талқыланып, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – білім беру мен ғылым саласында тәжірибе алмасу, кадр даярлау бағытындағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру, жаңа технологиялар мен ғылыми жобаларды енгізу, сондай-ақ университет студенттерінің тәжірибеден өтуін, тағылымдамаларын ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету.

 

file
file