Media Image
04.09.2025 44

Студент Данияр Құлушев ІІІ Түркі универсиадасында алғашқы алтынды алды

 

Бүгін ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстарының алғашқы күнінде қазақстандық студент жарқын жетістікке қол жеткізді. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Данияр Құлушев 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, турнирдің алғашқы чемпионы атанды.

«Біз студентіміздің жеңісімен мақтанамыз. Данияр ерік-жігерін, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, қазақстандық жастардың халықаралық аренада табысты бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл медаль – спортшының, жаттықтырушылардың және университеттің жүйелі еңбегінің нәтижесі», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Спортшының университеттегі бапкері Рафаэль Хабиров:

«Жарысқа дайындық оңай болған жоқ, бірақ Данияр табандылық пен сенімділік танытты. Оның жеңісі бүкіл командаға алға ұмтылып, жаңа жетістіктерге жетуге серпін берді», – деді.

Данияр Құлушевтің жеңісі Қазақстанның медаль қорын ашып қана қоймай, елдің халықаралық деңгейдегі студенттік спорттағы беделін нығайтты.

ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстары алдағы күндері де жалғасады, ал қазақстандық спортшылар жүлде қорын толықтыруға барлық мүмкіндікке ие. 

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1061936?lang=kk

file