2023-2024 оқу жылы

13.06.2025 67

2.04.2024                                                      Пәндік олимпиада 2024

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. Нәтижесінде:

Орыс тілі пәні бойынша - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары, Қайырлы Балғынбек ІІІ орын, Ералыұлы Әзімхан Алғыс хат иеленді;

Физика пәні бойынша  - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Сәндібекұлы Ерасыл ІІІ орынды иеленді;

Информатика пәні бойынша  - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары, Жанәліұлы Аят ІІІ орын, Сырымбек Есбол ІІІ орын, Теміржан Мерей ІІІ орын, Тілек Нұрасыл Алғыс хат иеленді.

Жеңімпаздарға ақылы бөлімге арналған 30% жеңілдіктер табысталды.

”Ұстаз” мектеп-интернаты шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!          

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30.04.2024                                            Республикалық пәндер олимпиадасы

14-18 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Оған Атырау облысынан 8 оқушы қатынасып, жүлделі орындар алды.

Қазақстан тарихы пәнінен:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мажит Рашид ІІ ОРЫНМЕН марапатталды.

Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Ғайноллаев Қуандық Зиноллаұлы

Мектебіміздің шәкірті мен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!

   

             

30.05.2024                                «Дарындыға даңғыл жол» марапаттау шарасы             

Бүгін Республикалық пәндер олимпиадасы мен конкурстардың жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.

Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиаданың II орын жүлдегері, Республикалық олимпиаданың II орын жүлдегері, “Ұстаз” мектеп интернатының 11- сынып оқушысы Мажит Рашид дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды!

 Республикалық Махамбет оқуларының III орын жүлдегері, облыстық сайыстарда топ жарып жүрген “Ұстаз” мектеп интернатының 10-сынып оқушысы Айболат Айбек дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды!

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

     

19.06.2024                                  “Білгенге маржан” кітап оқу сайысы

Атырау облысына қарасты мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған “Білгенге маржан” кітап оқу сайысында Берқайыр Аманшинның “Махамбеттің тағдыры” тарихи романын оқып, өзінің кітапқа деген қызығушылығын, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығын, білімге деген талпынысын көрсетіп, тестілеу нәтижесінде 1090 қатысушы арасында жоғары ұпай жинап, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 10 - сынып оқушысы Жоламан Медет жүлделі III дәрежелі орынды иеленіп, 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды!

Үздік 15 оқушының қатарынан «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 10 - сынып оқушылары Қанат Ибрагим, Рахымғали Нұрсұлтан табылды.

Атырау облыстық Білім беру басқармасымен ұйымдастырылған “Дарын” телесайысына қатысып, үздік 32 оқушының қатарынан «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 11 - сынып оқушысы Мақсот Айназар табылды.

Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!

 

20.09.2024                                  “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңі   

”Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының оқушылары жетістікке жетті!

”Біз неткен ер, неткен ер Сергелдеңмен өткен ер” “ “Хандар мен ел билеушілер”, “Батырлар” тақырыбының бірін қорғау” бағыты бойынша” Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 11-сынып оқушысы Мажитов Бақдаулет жүлделі I ОРЫНДЫ иеленді!

”Тартынбай сөйлер асылмын…” - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы Серік Айбат қатысып, Алғыс хат иеленді!

”Ұлы арман- Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы Култумиев Оразбек қатысып, Алғыс хат иеленді!

”Ұстаз” мектебінің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!