
17 маусым 2025
Бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады
2025-2026 оқу жылының 1 семестріне
Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады
Бакалавриат бойынша:
- В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау (Жастарды Батыс және Шығыс өңірлердің жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін квота) 3 курс – 2 орын
- В009-Математика мұғалімдерін даярлау (педагогикалық квота, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота) 4 курс – 1 орын
- В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау (Кәмілетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота) 3 курс – 1 орын
- В050-Биологиялық және сабақтас ғылымдар 2 курс – 1 орын
- В051-Қоршаған орта (техникалық және ауыл шаруашылығы квотасы) 2 курс – 1 орын
- В053-Химия (техникалық және ауыл шаруашылығы квотасы) 3 курс – 1 орын
- В053-Химия 4 курс – 1 орын
- В054-Физика(техникалық және ауыл шаруашылығы квотасы) 2 курс – 1 орын
- В057-Ақпараттық технологиялар (Кәмілетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота) 3 курс – 1 орын
- В057-Ақпараттық технологиялар (техникалық және ауыл шаруашылығы квотасы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін) 2 курс – 1 орын
- В080-Балық шаруашылығы (техникалық және ауыл шаруашылығы квотасы) 2 курс – 1 орын
- В091-Туризм (жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдарлар туындаған кезде зардап шеккен азаматтар үшін білім беру гранты) 2 курс – 1 орын
Магистратура бойынша:
- М010-Математика педагогтерін даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт) квота шеңберінде 2 курс – 2 орын
- М013-Химия педагогтерін даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт) (квота шеңберінде) 2 курс – 1 орын
- М016-Тарих педагогтерін даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт) квота шеңберінде 1 курс – 1 орын
- М074-Қаржы, банктік және сақтандыру ісі (ғылыми-педагогикалық бағыт) квота шеңберінде 2 курс – 1 орын
- М080-Биология (ғылыми-педагогикалық бағыт) квота шеңберінде 2 курс – 1 орын
- М092-Математика және статистика(ғылыми-педагогикалық бағыт) квота шеңберінде 1 курс (2024 январь зимний прием) – 1 орын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына сәйкес "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес
4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- ақылы негізде білім алушы басшысының атына одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді және транскрипт, жеке куәлік көшірмесімен тіркеледі;
2) келіп түскен өтініштер ғылыми кеңестің отырысында қаралады;
3) конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;
Өтініш беру сұрақтары бойынша факультет деканына хабарласыңыздар.
17.06.2025ж