
16 маусым 2025
Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды!
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысы бойынша ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығында археологиялық қазба жұмыстарын бастады.
🛕 Атырау өңірінде ортағасырлық Сарайшық қаласынан бөлек, бірқатар тарихи қалалар мен қоныстар болғаны мәлім. Солардың бірі — Ақтөбе-Лаэти қалашығы. Бұл қалашық - Алтын Орда дәуіріне тән, Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай орналасып, аймақтың ежелгі өркениеттік, экономикалық және мәдени дамуына айрықша үлес қосқан ірі қолөнер орталығы.
Қазба жұмыстарына археологтар Марат Қасенов пен Амангелді Зайнов жетекшілік етуде.
Жоба жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты Гүлфайруз Қайырғалиева.
Зерттеу жұмыстары еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық археологияны дамыту, өңір тарихының тың беттерін ашу мақсатында жүргізілуде.