2023-2024 оқу жылы
27.09.2023
Республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін ұйымның шығармашыл оқушылары арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі болып өтті.
«Эссе жазу» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 11 - сынып шәкірті Исаш Бексұлтан I ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
“Көркемсөз оқу” бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Каятов Нурислам II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
“Ұлттық аспапта өнер көрсету” бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Жаңғабыл Мадияр II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
«Шешендік, білгірлік сайысы» бағыты бойынша 11 - сынып шәкірті Мұхамбетқали Бақберген III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды!
«Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша 10 - сынып шәкірті Қайырбай Қуаныш Алғыс хатпен марапатталды!
” Ұстаз “ мектебінің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
03.10.2023
Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі
С.Өтебаев атынданы Атырау мұнай және газ университеті базасында 11(12) - сынып оқушыларына арналған жаратылыстану- математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Президенттік олимпиадаға, “Ұстаз” мектеп интернатының 11 - сынып шәкірті Мақсот Айназар қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталып, келесі кезеңге жолдама алды!
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтай отырып, келесі кезеңге сәттілік тілейміз!
16.10.2023
Республикалық «Менің шағын Отаным» интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі
Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өтті.
«Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы - нысан макетін презентация түрін жасау бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Бекижан Фархад қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Шағын Отанымның символы» номинациясы - автордың өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Жұбан Кемел қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
«Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 10 - сынып шәкірті Қайырбай Қуаныш және «Менің туған өлкем» номинациясы - туған жері, өз қаласы/ауылы туралы эссе жазу бойынша “Ұстаз” мектеп интернатының 10 - сынып шәкірті Оңғали Әли қатысып, өз бақтарын сынады.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
20.10.2023
Облыстық «Колизей кубогы» кіші аяқ доп жарысы
25-қазан Республика күні мерекесіне орай КМҚК Атырау көлік және коммуникация колледжінің әлеуметтік серіктесі “Колизей” ЖШС - нің бас директоры Андрей Александрович Короблёвтың демеушілігімен студенттерге арнап салынған спорт алаңының ашылу салтанатына арналған «Колизей кубогы» облыстық студенттер арасында кіші аяқ доп жарысына қатысып, “Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті” КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының командасы III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
02.11.2023
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі
Таланттарды анықтау және қолдау орталығының базасында, Жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
«Ұлы арман» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Мұрат Нарбек қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер…» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Жанғалиев Ердос қатысып, II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Ел құтқарар ер едім…» - бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 11 - сынып шәкірті Мухамбетқали Бақберген қатысып, III ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.
«Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 - сынып шәкірті Жанғабыл Мадияр Алғыс хатпен марапатталды.
«Тартынбай сөйлер асылмын…» бағыты бойынша “Ұстаз” мектеп - интернатының 10 - сынып шәкірті Кайырбай Қуаныш қатысып, өз бағын сынады.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
28.11.2023
Республикалық Лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі
“Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының ұйымдастыруымен Республикалық Лингвистика іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Нәтижесінде 11 - сынып оқушысы Жанәліұлы Аят Алғыс хатпен марапатталды.
Жетекшісі: Сүйенгалиева Гульмира Сабировна
Оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!
12.01.2024
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Керемет жаңалық!
9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде “Ұстаз” мектебінен 35 оқушы қатысып, нәтижесінде 3 оқушы күміс медаль, 2 оқушы қола медаль және 5 оқушы Алғыс хат иеленді:
1.Мажит Рашид - Қазақстан тарихы пәні бойынша II орын, 11 - сынып оқушысы.
Жетекшісі: Ғайноллаев Қ
2. Құлжан Өркен - Орыс тілі пәні бойынша II орын, 11- сынып оқушысы
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
3. Тулегенов Ислам- Орыс тілі пәні бойынша II орын, 10 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
4. Исаш Бексұлтан - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша III орын, 11- сынып оқушысы
Жетекшісі: Якупова Маншук Сагидоллиевна
5.Жанәліұлы Аят - Орыс тілі пәні бойынша III орын, 11- сынып оқушысы
Жетекшісі: Суйенгалиева Гульмира Сабировна
6.Сәлімгерей Сәттібек - Қазақстан тарихы пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Ғайноллаев Қуандық Зейноллаұлы
7.Кәрім Сұлтан - география пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Аблайсова Салтанат Камидуллаевна
8.Мақсот Айназар - химия пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Ғалиматолла Мөлдір Ғалиматоллақызы
9.Қадыржан Эльдар - информатика пәні бойынша Алғыс хат, 11 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Айжарықова Фаризат Бейсенбаевна
10.Жоламан Медет- география пәні бойынша Алғыс хат, 10 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Аблайсова Салтанат Камидуллаевна
Жүлдегерлерді және жетекшілерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
23.01.2024
Облыстық “Жыр алыбы- Жамбыл” жас ақындар айтысы
Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Жыр алыбы- Жамбыл” жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде “Қайым айтыс” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10 сынып оқушысы Айболат Айбек жүлделі II дәрежелі орынды иеленді.
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!
31.01.2024
Республикалық “Мұқағали оқулары” байқауының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Мұқағали оқулары” байқауының облыстық кезеңінде “Көкірегімде жыр сәулесі маздайды….” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10 сынып оқушысы Рахымғали Нұрсұлтан Алғыс хат иеленді.
Мектебіміздің шәкіртін шын жүректен құттықтаймыз!
15.02.2024
Республикалық «Мәшһүр -Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп интернатының оқушылары Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Мәшһүр -Жүсіп оқулары” байқауының облыстық кезеңінде бақ сынады. Нәтижесінде:
-”Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлем бақтым мен де білген” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 11-сынып оқушысы Мухамбеткали Бақберген жүлделі II ОРЫНМЕН марапатталды;
-”Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және “Ұлы даланың ұлы есімдері” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10- сынып оқушысы Рахымғали Нұрсұлтан жүлделі II ОРЫНМЕНмарапатталды;
-“Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы” бағыты бойынша “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Жангалиев Ердос жүлделі III ОРЫНМЕН марапатталды;
-“Білімді зерек адам болам!” - десең Қара өзіңді басқаның айнасымен” бағыты бойынша қатысқаны үшін “Ұстаз” мектебінің 10-сынып оқушысы Қанат Ибрагим Алғыс хатпен марапатталды.
Оқушыларды және жетекшілері Мәншүк Сағидоллақызын шын жүректен құттықтаймыз!
2.04.2024 Пәндік олимпиада 2024
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті. Нәтижесінде:
Орыс тілі пәні бойынша - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары, Қайырлы Балғынбек ІІІ орын, Ералыұлы Әзімхан Алғыс хат иеленді;
Физика пәні бойынша - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Сәндібекұлы Ерасыл ІІІ орынды иеленді;
Информатика пәні бойынша - “Ұстаз” мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары, Жанәліұлы Аят ІІІ орын, Сырымбек Есбол ІІІ орын, Теміржан Мерей ІІІ орын, Тілек Нұрасыл Алғыс хат иеленді.
Жеңімпаздарға ақылы бөлімге арналған 30% жеңілдіктер табысталды.
”Ұстаз” мектеп-интернаты шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз!
30.04.2024 Республикалық пәндер олимпиадасы
14-18 сәуір аралығында Өскемен қаласында Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерінен республикалық олимпиада өтті. Оған Атырау облысынан 8 оқушы қатынасып, жүлделі орындар алды.
Қазақстан тарихы пәнінен:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мажит Рашид ІІ ОРЫНМЕН марапатталды.
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Ғайноллаев Қуандық Зиноллаұлы
Мектебіміздің шәкірті мен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
30.05.2024 «Дарындыға даңғыл жол» марапаттау шарасы
Бүгін Республикалық пәндер олимпиадасы мен конкурстардың жүлдегерлерін марапаттау шарасы өтті.
Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиаданың II орын жүлдегері, Республикалық олимпиаданың II орын жүлдегері, “Ұстаз” мектеп интернатының 11- сынып оқушысы Мажит Рашид дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды!
Республикалық Махамбет оқуларының III орын жүлдегері, облыстық сайыстарда топ жарып жүрген “Ұстаз” мектеп интернатының 10-сынып оқушысы Айболат Айбек дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
19.06.2024 “Білгенге маржан” кітап оқу сайысы
Атырау облысына қарасты мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған “Білгенге маржан” кітап оқу сайысында Берқайыр Аманшинның “Махамбеттің тағдыры” тарихи романын оқып, өзінің кітапқа деген қызығушылығын, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығын, білімге деген талпынысын көрсетіп, тестілеу нәтижесінде 1090 қатысушы арасында жоғары ұпай жинап, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 10 - сынып оқушысы Жоламан Медет жүлделі III дәрежелі орынды иеленіп, 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды!
Үздік 15 оқушының қатарынан «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 10 - сынып оқушылары Қанат Ибрагим, Рахымғали Нұрсұлтан табылды.
Атырау облыстық Білім беру басқармасымен ұйымдастырылған “Дарын” телесайысына қатысып, үздік 32 оқушының қатарынан «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп- интернатының 11 - сынып оқушысы Мақсот Айназар табылды.
Мектебіміздің шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
20.09.2024 “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңі
”Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының оқушылары жетістікке жетті!
”Біз неткен ер, неткен ер Сергелдеңмен өткен ер” “ “Хандар мен ел билеушілер”, “Батырлар” тақырыбының бірін қорғау” бағыты бойынша” Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 11-сынып оқушысы Мажитов Бақдаулет жүлделі I ОРЫНДЫ иеленді!
”Тартынбай сөйлер асылмын…” - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы Серік Айбат қатысып, Алғыс хат иеленді!
”Ұлы арман- Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дарынды балаларға арналған “Ұстаз” мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы Култумиев Оразбек қатысып, Алғыс хат иеленді!
”Ұстаз” мектебінің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!