Media Image

18 маусым 2025

Магистратура мансаптық өсу кепілі!

Магистратура - бұл жоғары білімнің екінші деңгейі, ғылыми-зерттеу мен кәсіби дайындықты тереңдетуге арналған оқу бағдарламасы.

Магистратурада білім алушылардың белгілі бір салада ғылыми деңгейде ойлау, зерттеу жүргізу дағдылары қалыптасады. Оқу ұзақтығы бейіндік (1жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл) бағыттарына сәйкес әртүрлі болады. Диссертациялық жұмыстарды жазу болашақта ғылыммен айналысқысы келетіндер үшін маңызды кезең. Сонымен қатар ғылыми-педагогикалық бағытта магистратураны бітіргендер үшін докторантураға түсуге жол ашылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі Атырау университетінің факультеттерімен біріге отырып, 2025-26 оқу жылында 300  магистранттың теориялық курстарын сәтті аяқтап, магистрлік диссертацияларын уақытылы қорғауына мүмкіндік берді.

Атырау университетіндегі қос дипломды білім беру бағдарламасы магистратурада жолға қойылған. Университетің жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бөлімі 2024-25 оқу жылында магистратура бойынша қосарлы білім алу бағдарламасын жүзеге асырды. Соның айғағы ретінде 7М02301-Филология білім бағдарламасының бітіруші курс магистрлері Құралай Қуатова, Ләззат Әлімова Нигде Омер Халисдемир университетінде 1 жыл бойына білімдерін жетілдірді. Бұл магистранттарға қос диплом табысталатын болады.

Терең білім мен кәсіби дамудың жолы ретінде магистратурада оқыған білім алушыларымызға жарқын болашақ, сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Болашағыңызға инвестиция жасағыңыз келсе — магистратураға келіңіз!

 

[Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі]

file
file