
18 маусым 2025
Хабарландыру!
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми басылымдардағы жарияланымдар нәтижесі бойынша профессор-оқытушылар құрамын (ПОҚ) және қызметкерлерді ынталандыру шаралары туралы Ережеге (№126, 29.09.2022 ж.) сәйкес, Scopus және WoS дерекқорындағы рецензияланатын журналдарда 2024 жылы жарияланған мақалалары бар ПОҚ-нан өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында – кемінде Q3, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша – кемінде Q4 санатындағы журналдарда жарияланған мақалалар есепке алынады.
Университеттің KPI нәтижелері бойынша сыйақы алған ПОҚ - нан өтінімдер қабылданбайды.
Өтінімдер 2025 жылдың 18 - 23 маусым аралығында Ғылым департаментіне тапсырылуы тиіс.